Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"8 жыл бойы соңымнан қалмады": Фариза Ескермес алғаш рет сүйіктісі туралы айтты

Опубликовано:

Фариза Ескермес сүйіктісімен
Фариза Ескермес сүйіктісімен. Видеодан кадр: Youtube/Elle Kazakhstan

Қазақстандық танымал әнші әрі актриса Фариза Ескермес ашыла сұхбат беріп, алғаш рет сүйіктісі туралы айтты. Өнер иесі ғашығымен танысқан кезін еске алып, қарым-қатынасы қалай өрбігенін баяндап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фариза мен Андрейдің таныстығы 2014 жылы бастау алған. Алайда ол кезде актриса сүйіктісіне аса қатты мән бере қоймаған. Ер адам қадамдарын жасап, оның жүрегін жаулауға тырысқанымен одан ештеңе шықпады.

Арада алты жыл өткен соң ғана ғашықтардың қарым-қатынасы өрбіген. Олар карантин уақытында сөйлесе бастап, сол кезден бері айырылыспаған.

"Маған ғашық жігіттер көп еді. Олардың ешбірі қазір есімде жоқ. Андреймен де қалада кездесіп қалған кездеріміз де есімде жоқ екен. Онымен 2014 жылы танысқан кезімізді де ұмытып қалыппын. Ол маған көп жаза беретін. Қыздар әдетте сезімін білдіріп, жүректі жаулау үшін қатты тырысатын жігіттерге мән бермей қояды ғой. Менде тура солай болды. Мен керісінше Андрей маған аса көңіл бөлмей қалғанда ғана оған назар аудара бастадым.

2020 жылы мен оған өзім жаздым. Тауға барайық деп айттым. Ол карантин уақыты еді. Андрей маған қарай мүлдем қадам жасамай кетті. Мен оны ұнатып жүрмін. Ол маған ғашық көздерімен қарайды. Бірақ әрекет етпейді. Гүл жоқ, кездесу жоқ. Сосын мен жазған соң, ол маған бірден видео қаңырау шалды. Содан бері біз біргеміз. 8 жыл бойы соңымнан қалмай, ақыры қол жеткізді", - деді актриса "Ellе Kazakhstan" басылымына берген сұхбатында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2057983-ozim-birinsi-bolyp-zazdym-fariza-eskermes-algas-ret-suiiktisi-turaly-aitty/

pixel