"Жасырын ұстаған жөн": блогер Мөлдір Анарбаева жүктілік тестін ата-енесіне көрсететіндерді сынады
Жарияланған күні:
Танымал блогер Мөлдір Анарбаева қазір әлеуметтік желіде хитке айналған баланың жынысын анықтайтын гендер-патиге қалай қарайтынын айтты. Ол NEGE.KZ сайтына берген сұхбатында жүктілік тестін ата-енесіне көрсететіндерді сынады, деп жазад KAZ.NUR.KZ.
"Естір құлақ болса, осы мәселені айтқанмын. Қазіргі жастар сияқты жүктілікті анықтайтын тестті дастарқанда отырған ата-енеміздің алдына қоймақ түгілі, үлкендердің көзіне ішімізді көрсетпеуге тырысатын едік. Ұят пен әдептен аттамауға дағдыландық. Ал қазіргі жастарда ондай жоқ.
Дегенмен, тереңнен ойлай білсек, бұл ұялумен қатар қуанатын да жағдай секілді. Неге десеңіз, қазіргі уақытта балалы болудың өзі үлкен бақытқа айналып барады. Он жыл бойы сәби сүйе алмай жүрген аналар, құрсағына шарана біткенде қалай ағайын-туыспен бөліспесін? Дейтұрғанмен, қазақилықтан аттамай, әрі көз бен сөзден сақтану мақсатында отбасылық дүниелерді жасырын ұстаған жөн", - деді блогер.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2058021-isimizdi-korsetpeuge-tyrystyq-bloger-moldir-anarbaeva-zuktilik-testin-ata-enesine-korsetetinderdi-synady/