Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өзімді іштей дайындадым": әнші Ердос Қанаев ұлының өлімі жайлы ашып айтты

Опубликовано:

Ердос Қанаев
Фото: Instagram/erdoskanaev

Отандық танымал әнші Ердос Қанаев алғаш рет ұлының сырқаты мен өлімі жайлы ашып айтты. Өнер иесі дәрігерлердің сөзінен кейін өзін баласының өліміне іштей дайындағанын жасырмады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Эстрада жұлдызының айтуынша, бұл жағдай бәрінен де келіншегіне аса ауыр тиген. Әнші барынша оған қолдау көрсетіп, қасынан табылуға тырысқан.

Сонымен қатар ерлі-зайыпты бұл сынақтан кейін біраз уақыт бойы тағы да балалы болуға қорыққан.

"Ол кезде біздің қайнап тұрған уақыт болды. "Жігіттер" тобының дүркіреген кезі десем де болады. Біз отбасылы болған соң бала өзі өсе береді деп қате ойлайды екенбіз. Бірақ олай емес екен. Мен алып-ұшып жүрген кезде басыма сондай сынақ келді. Алла тағала сол кезде мені орныма қойды. Бұл сынақ мені құдайға жақындатты. Алла қалаған сынақ сен қайда көшіп кеткең де келеді. Бәрінен де келіншегіме ауыр болды. Күнде жылайтын. Сол кезде барынша сабырға шақырып, көңілін аулауға тырыстым. Жақсы ана екенін айттым.

"Бұл жағдайда менің де, сенің де кінәң жоқ" дедім. Солай бір-бірімізді қуаттандырып отыратынбыз. Дәрігерлердің сөздерінен кейін өзімді іштей дайындап отырдым. Әр әке баласын өлімге қимайтыны анық. Медицинада оның емі жоқ дегеннен кейін тек қана соған көнеді екенсің. Сол баламның алдында әкелік парымызды орындадым деп ойлаймын. Одан кейін балалы болуға асықпадық. Төрт жасына дейін емдетумен болдық. Сосын анасы да қорқып қалды. Сол кезде құдаймен байланысым күшейіп, дені сау ұрпақ тіледім", - деді Қанаев.

Өнер иесі бүгінде бар уақытын тұңғышының артынан ерген төрт перзетіне бөлуге тырысып жүр. Әнші қазіргі кезде балаларын емес, өзін тәрбиелеу үстінде екенін алға тартты.

"Тұңғышым ата-ана мейіріміне қанбады деп ойлаймын. Сол олқылықтың орнын толтыру үшін уақытымның көп бөлігін балаларымның жанында өткізгім келеді. Кейде неге менің балам ғана ауру болып туды деп ойлайтыным да жасырын емес. Қай жерден қате жібердім, кімнің қарғысына қалдым деп ойлаймын. Бірақ жоғарыдан келген сынақ екенін білгеннен кейін өзімді жазғыруды тоқтаттым. Қазір екі ұл, екі қызым бар. Соларға жақсы әке болсам деп барынша тырысып жүрмін. Мен қазір өзімді тәрбиелеп жүрмін. Бала-шағам маған қарап өседі. Мен жақсы болсам, олар да жақсы болады. Мен жаман қылықтар істеп жатсам, олар да соны қайталайды", - деді ол "Ұрпақ" подкастына берген сұхбатында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2058054-ozimdi-istei-daiyndadym-ansi-erdos-qanaev-ulynyn-olimi-zaily-asyp-aitty/

pixel