Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Құны - 4 млн теңге": Қыран Талапбек әйелінің туған күніне бағалы сыйлық жасады (видео)

Опубликовано:

Гүлзада Тұрлаш пен Қыран Талапбек
Гүлзада Тұрлаш пен Қыран Талапбек. Фото: Instagram/gulzada_tl

Қазақстандық танымал видеограф Қыран Талапбек келіншегі Гүлзада Тұрлашты туған күнімен құттықтап, оған аса бағалы сыйлық тарту етті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ.

Гүлзада Тұрлаш Instagram парақшасында туған күніндегі видеоны жариялап, қалың көпшілікке күйеуі тарту еткен сыйлықты көрсетті.

Қыран Талапбек түнгі он екіден кейін келіншегін бірінші өзі құттықтап, оған Bulgari брендінен қымбат сақина сыйлаған. Желідегі ақпаратқа сәйкес, оның құны 4 млн 200 мың теңгені құрайды.

Видеографтың әйелі сыйлыққа қатты қуанып, жолдасына алғысын білдірген.

"Рақмет, сүйіктім. Мені таңғалдыруды қоймайсың", - деп жазды актриса.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2058171-quny-4-mln-tenge-qyran-talapbek-aielinin-tugan-kunine-bagaly-syilyq-zasady-video/

pixel