Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Соңғы төбелесім": Мадина Сәдуақасова өзіне тиіскен қызды күресіп құлатқанын еске алды

Опубликовано:

Мадина Сәдуақасова
Мадина Сәдуақасова. Фото: instagram.com/sadvakasovamadina

Әнші Мадина Сәдуақасова 12 жасынан бастап, екі жыл дзюдомен айналысқан. Өнер иесі "Жарқын жүздесу" бағдарламасында өзіне тиіскен қызбен төбелескен кезін еске алды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Иә, мен екі жыл дзюдомен айналыстым. Ақ белбеумен қалдым. Жаттықтырушым "Осы қыздан жақсы дзюдошы шығады" деп айтып жүретін. Жақсы күрескенмін. Бірақ бұл анама ұнамады. Анам мені сызылып қалға қыз ретінде көргісі келетін. Анамның арманы орындалды. Мен енді тек әдемі көйлек киіп, сахнада ән айтып жүрмін. Өзіме дзюдо қатты ұнады. Анаммен сол кезде ренжіскен болатынмын. Мені қыздар құлата алмайтын. Шымыр болатынмын", - деді әнші.

Сонымен қатар әнші дзюдоның өзіне өмірде көмектескен сәтін еске алды.

"Қызылордада жаңа мекенге көшіп келдік. Содан маған бір қыз "Сен неге өзінше болып тұрсың? Маған өзінше сияқты көрініп тұрсың. Бері келші" деді. Мен 11-сынып оқимын. Қорқыныш деген жоқ. "Жүрші, кірпіш зауытының ішіне" дейді. Жанымда жүрген қыздар "Мынау қатты төбелесетін қыз" дейді. Мен халатпен, тәпішкемен жүрмін. Сыртқа шақырып жатыр дегенге шыққанмын ғой.

"Сен маған ұнамай жүрсің" деді. Сосын мен аямадым. Мені жылап қалады деп күтті. Халатымды түйіп алдым. Бұл өмірімдегі бір рет қана төбелескенім кезім. Ол жерде мен үшін күрес болды. Мақтанғаным емес, мен жеңдім. Ана қызды арқасынан қапсырып құлаттым", - деді Мадина Сәдуақасова.

Еске сала кетейік, Мадина Сәдуақасова осыған дейін Дубайда ұнатқан көйлекті алуы үшін көлігін сатқанын айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2058189-songy-tobelesim-madina-saduaqasova-ozine-tiisken-qyzdy-kuresip-qulatqanyn-eske-aldy/

pixel