Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қазақша ламбада": Қайрат Нұртас пен әйелі Жұлдыз тойда бидің түбін түсірді (видео)

Опубликовано:

Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова
Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова. Фото: Instagram/zhuldyzabdukarimovaofficial

Желіде әнші Қайрат Нұртас пен әйелі Жұлдыз Әбдікәрімованың видеосы тарады. Жұлдызды жұптың биі желі оқырмандарын таңғалдырды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Видеоны Жұлдыз Әбдікәрімова Instagram желісіндегі парақшасына жариялады.

Актриса өз жазбасында Алматыға 80 жылдар стилінде өтетін мерекелік кешке арнайы ұшып келгенін айтты.

Видеодан Жұлдыз Әбдікәрімованың жолақты, иығы ашық көйлек кигенін байқауға болады. Сонымен қатар актриса беліне қызғылт түсті гүл байлаған.

Ал Қайрат Нұртас осы кеште "Қазақша Ламбада" әнін орындады.

Жұлдызды жұп бидің түбін түсіріп, қонақтарды таңғалдырған.

Еске сала кетейік, 2021 жылдан бастап Қайрат Нұртас пен оның жары Жұлдыз Әбдікәрімованың қарым-қатынасы желіде қызу талқыланды. Бірқатар жайттарға байланысты желі қолданушылары ерлі-зайыптылардың ажырасып кеткенін болжаған болатын.

Ал былтыр Қайрат Нұртас әйелі екеуіне қатысты қауесетке нүкте қойып, бірге екендерін мәлім етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2058222-qairat-nurtas-pen-aieli-zuldyz-zarasymdy-biimen-kopsilikti-tangaldyrdy-video/

pixel