Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"2 жасқа толар еді": өмірден өткен ұлын еске алған Әсел Асқар елді жылатты

Опубликовано:

Әсел Асқар
Әсел Асқар. Фото: instagram.com/assel.askar

Қазақстандық танымал актриса Әсел Асқар өмірден өткен ұлын есіне алып, желіде жантебірентерлік жазба жариялады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазады.

Әсел Асқар марқұм ұлына деген сағынышын Instagram парақшасы арқылы жеткізген. Ол ұлының видеоларын жариялап, оған әсерлі жазба арнаған.

"Ұлым, бүгін тірі болғанда екі жасқа толар едің. Үлкен азамат болып өс деп әзірге айта алмаймын. Бүгін саған үлкен торт жасатып, жанұямызбен тойлайтын едік. Тортты бетіңе жағып жүгіріп жүрер едің. Түрлі ойыншықпен ойнаушы едің. Саған киімдерді кигізіп көруші едім, ал сен ұстатпай қашушы едің. Анаң сен үшін бәрін жасайтын еді. Мен сені қатты сағындым. Тағдыр – ақымақ. Сен дүниеге келген сәт есіме түсіп, өкіріп жылап алдым", - деп жазды актриса.

Айта кетейік, осыдан екі жыл бұрын Әсел Асқардың кіші ұлы сегіз айында шетінеп кеткен еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2058224-2-zasqa-tolar-edi-omirden-otken-ulyn-eske-algan-asel-asqar-eldi-zylatty/

pixel