Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Отбасымен шетелде жүрген Айқын демалысы қалай өтіп жатқанын көрсетті (фото, видео)

Опубликовано:

Айқын Төлепберген отбасымен
Айқын Төлепберген отбасымен. Фото: Instagram/zhuldyzomirgali_official

Қазақстандық шоу-бизнестегі жарасымды жұлдызды жұптардың бірі Айқын Төлепберген мен Жұлдыз Өмірғали әріптестерінен қалыспай шетелге демалуға ұшып кетті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазады.

Жұлдызды жанұяның шетелге аттанғаны жайлы Instagram желісінен белгілі болды. Айқын Төлепберген парақшасында Таиландта түскен суреттерін жариялап, қалың көпшілікке демалысы қалай өтіп жатқанын көрсетті.

Ерлі-зайыпты бұл сапарға балаларын да алып барған. Жұлдызды жұп Пхукеттің әсем жерлерін аралап, желіде алған әсерін айтты.

Оқырмандар әншілерге жақсы демалыс тілеп, жылы лебізін білдірген.

"Үлгілі жанұя, күшті демалып қайтыңдар", "Жақсы демалыс болсын. Балаларыңыз өсіп қалыпты", "Бұлар шетелге шықса үнемі жанұясымен ғана шығады. Жарайсың Айқын", "Көз тимесін, сондай тату-тәтті, бақытты", "Бақытты күндерің көп болғай", - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2058368-otbasymen-setelde-zurgen-aiqyn-demalysy-qalai-otip-zatqanyn-korsetti-foto-video/

pixel