Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Атақтарым өзімде қалды": Әли Оқапов дауға айналған марапаттарына қатысты жауап берді

Опубликовано:

Әли Оқапов
Әли Оқапов. Фото: Instagram/aliokapov

"Құрмет" орденін алып басы дауға қалған Әли Оқапов қазіргі жағдайын айтты. Халық сынына ұшыраған өнер иесі бүгінде марапаттары өзінде қалғанын айтып, оның себебін түсіндірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әли Оқапов дауға айналған марапттарына қатысты "Таңшолпан" бағдарламасында жауап берді. Эстрада жұлдызы бастапқыда расымен атақтарын қайтаруға ниетті болғанын айтты. Алайда кейін заң бойынша мемлекеттік сыйлықтардан бас тарта алмайтынын білген.

"Өткен жылдың күтпеген жаңалықтарының бірі болды. Мәдениет және ақпарат министрлігі мені таңдап, сол тізімге бекітіп үлкен қуаныш сыйлады. Дегенмен желі қолданушылары көптеген пікірін жеткізді. Түрлі пікір болды. Бірақ мен өзімді ыңғайсыз сезіндім. Басында шынымен қуандым. Еңбегім еленіп, өнерімнің бағаланғаны қуантады. Бірақ халықтың пікірінен кейін анамның айтқан сөздері есіме түсті. Анам "халықтан үлкен емессің, бірінші орында халық" деп санамызға құйып өсірді.

Сол себепті халықтың айтқанына құлақ асып, бағынып мен сондай қадамға баруға бекіндім. Бірақ заң бойынша мемлекеттік сыйлықтардан бас тарта алмайды екенмін. Ол да бір жағынан дұрыс емес әрекет екен. Маған атқарылған сенім мен үміт менің тарапымнан да бағалану керек. Марапатты қайтарып берсем ол мен жақтан жағымсыз әрекет деп саналады. Сол себепті мен заңға бағынамын. Маған сенім артып, өнеріме жанашыр болып жатқан тыңдарман қауымды құрметтеймін. Қазір ресми тұрғыда мемлекет берген барлық атақ-марапатым өзімде қалды", – деді әнші. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2058451-ataqtarym-ozimde-qaldy-ali-oqapov-dauga-ainalgan-marapattaryna-qatysty-zauap-berdi/

pixel