Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тойға мүлдем жоқпыз": Әли Оқапов ұлының бір жасын қалай атап өтетінін айтты

Опубликовано:

Әли Оқапов пен Ақерке Бүркітбай
Әли Оқапов пен Ақерке Бүркітбай. Фото: Instagram/aliokapov

Отандық танымал әнші Әли Оқаповтың тұңғышы Зейін ақпан айында бір жасқа толады. Қазіргі уақытта жұлдызды жанұя бұл қуанышты жайтқа орай дайындықты бастап кеткен. Өнер иесі ұлының бір жасын тек ет-жақындарының арасында атап өтпекші, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Қазіргі уақытта сол тойды ұйымдастыру жағын ойластырып жатырмыз. Ең қызығы, біздің жанұямыздың әр мүшесі сахнаның адамы болса да, той ұйымдастыру жағына еш тәжірибеміз жоқ екен. Тойға мүлдем жоқпыз. Біз ешқашан той бермеген, жасамаған адамбыз. Мен отау құрғанда да дүркіреп тұрған пандемия болды. Сол себепті менде де той болмады. Сол жағынан қиын екен. Тойға барып ән айту бір бөлек, оны ұйымдастыру мүлдем басқаша екен. Жоспар бойынша тек қана жақындар, туыстардың басын қосып, кішігірім той жасай саламыз деп отырмыз. Негізі үйде жасай саламыз ба деп те ойлағанбыз. Ақылдаса келе, туыстарымызды көрмегелі көп болғандықтан шағын той жасауды жөн көрдік. 50 шақты адам шақырамыз", - деді Оқапов.

Сонымен қатар әнші әке болғалы қандай сезімде жүргенін айтты.

"Әке болу қызық әрі күрделі. Бала мотивацияны жақсы береді екен. Мен үшін ең қиыны - баланың ауырып жатқан кезі. Тіпті тісі шыққанда да қатты қобалжиды екенсің. Ол қиналғанша, менің қиналғаным жақсы дейді екенсің. Сондай кезде ата-ананың қадірін біледі екенсің. Қазір түн ұйқы бұзылды. Өйткені мен бала тәрбиесіне белсенді қатысамын. Шомылдырып, тамақты да беремін. Өйткені ол мен үшін маңызды. Ол әр ер заматтардың парыздарының бірі деп ойлаймын. Мен туғаннан бері қасындамын. Барлық жұмыстарды жасап жатырмын, жасап үйреніп жатырмын. Өкінген кезім болған жоқ. Қазір бос уақытымда барынша балама көңіл бөлуге тырысамын. Қолым босаған уақытта бірден үйге асығамын. Кейбір достарымыз балаға үш жасына дейін анасы ғана қарау керек деп ойлайды. Мен бұл тұжырыммен келіспеймін", - деді Оқапов "Таңшолпан" бағдарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2058477-toiga-muldem-zoqpyz-ali-oqapov-ulynyn-bir-zasyn-qalai-atap-otetinin-aitty/

pixel