Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Көңіл бөлмей кеттім": актриса Ақерке Арыс алғаш рет тұңғышының сырқаты туралы айтты

Опубликовано:

Ақерке Арыс
Ақерке Арыс. Видеодан кадр: Youtube/Мамский әңгіме

Отандық танымал актриса Ақерке Арыс алғаш рет отбасы туралы ашыла сұхбат беріп, ұлының сырқаты туралы айтып берді. Өнер иесі тұңғышына көп көңіл бөле алмағаны үшін өзін кінәлайтынын жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ақерке Арыс баласының дерті жайлы жан сырын "Мамский әңгіме" бағдарламасында ақтарды. Актриса ұлына ерекше диагноз қойылғанын айтты. Ол екінші перзенті дүниеге келген соң тұңғышына қажетті деңгейде көңіл бөлінбей қалғанын жасырмады.

"Екінші балалы болғаннан кейін ұлыма онша көңіл бөлмей кеттім. Содан күйзеліске түсіп кетті ме деп ойлаймын. Бұрын атын атап шақырғанда келетін, көзіме қарап, бәрін түсінетін. Кейін қызымның өкпесі қабынып, ауруханаға түсіп қалдық. Содан кейін ұлым екеуміздің арамыз ажырап кетті. Кішкентай шақалақ болғасын қызыма көңіл бөлуге тура келді. Бір күні ұлым аяғының ұшымен жүре бастады. Одан кейін көбелектің қанаты сияқты екі қолын сермей беретін болды. Көзімізге қарамайды, жұмсасаң бармайтынды шығарды.

Ұлымның диагнозын сіңлім бірінші байқады. Оның мамандығы дефектолог еді, "Ұлдарыңды көрсетіп алыңдаршы, ауытқушылығы бар сияқты" деді. Мен оның сөзін көтере алмай, өзіне ұрыстым. Бірақ кейіннен соның айтқаны дұрыс келді. Баламызға "ЗПРР" деген диагноз қойды. Ата-аналардың дені баласынан табылған диагнозды қабылдамайды. Менде де солай болған. Жұмыс деп те балаларыма уақыт бөлмей кеттім бе деп те өзімді кінәлаймын. Сосын өте көп телефон ұстады. Тыныш отырады деп телефон беріп қойдық. Өзім қызыммен жүрдім. Миының дамымай қалуына да смартфон әсер еткен сияқты", – деді актриса. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2058578-konil-bolmei-kettim-aktrisa-aqerse-arys-algas-ret-tungysynyn-syrqaty-turaly-aitty/

pixel