Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бір-бірі үшін жаралған": келіншегімен билеген Тәуекел Мүсілім елді сүйсінтті (видео)

Опубликовано:

Тәуекел Мүсілім әйелімен билеп жатыр
Тәуекел Мүсілім әйелімен билеп жатыр. Видеодан кадр: Instagram/mussilim

Қазақстандық танымал актер Тәуекел Мүсілім желіде келіншегімен билеген видеосын жариялап, елдің ыстық ықыласына ие болды. Оқырмандар ерлі-зайыптыға тәнті болып, оларға жылы лебізін білдірген, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Тәуекел мен Махаббат Мүсілімнің ерекше видеосы Instagram желісінде жарияланды. Онда ерлі-зайыптының қар жауып тұрған кезде билеп жатқанын көруге болады.

Желі қолданушылары жұлдызды жұпқа тамсанып, оларға ыстық ықыласын білдірді. Қалың көпшілік олардың өзара қатты жарасатынын жарыса жазуда.

"Бір-бірі үшін жаралған", "Бақытты болыңдар, сондай сүйкімді жұп", "Керемет, қарасаң көз тоймайды. Махаббатқа толы күндеріңіз көп болсын", "Осылай бақыттың құшағында жүре беріңіздер", "Екеуінің бір-біріне деген махаббаты видеодан да көрініп тұр", "Көз тимесін. Нағыз үлгі тұтар жанұя", "Махаббатты құлатып алмашы", "Осы жұпты ерекше жақсы көремін", - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2058583-bir-biri-usin-zaralgan-kelinsegimen-bilegen-tauekel-musilim-eldi-suisintti-video/

pixel