Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сен кімсің деп айтар едім": Дариға Бадықова киносын сынағандарға жауап берді

Жарияланған күні:

Дариға Бадықова
Дариға Бадықова. Фото: Instagram/dariga_badykova

Актриса Дариға Бадықова былтыр желтоқсан айында көрерменге "Таптым-ау, сені" деп аталатын киносын ұсынды. Өнер иесі Aq pen Qara бағдарламасында туындысын сынағандарға жауап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Кей сынға, мінге бас қатырмау себебім, менде үлкен қару - халық бар. Ел қол соғып, көрерменнің көңілінен шығу үшін барынша шынайылық керек. Мен пендемін ғой. Менің қателіктерім өте көп. Менің тек өнерімді ғана қабылдаңыздар деймін", - деді актриса.

Сонымен қатар Дариға Бадықова өзі түсірген "Таптым-ау, сені" фильмін сынға алғандарға жауап берді.

"Халықты төмендетіп, "Деградация", "Халықтың деңгейі жеткен жері осы екен", "Халық деген осындай" деп, уын шашып отырғандар бар. Халықты қолыңа қару қып, манипуляция жасайтын сен кімсің? Ермек аға болсын, басқасы болсын, "Халықтың деңгейі дейтіндей" сен кімсің? Қазір әр бір үйде 1045 арна бар. Халық қазір өзі біледі не көретінін. Үш арна көріп отыратын баяғыдай 90-шы жылдар емес қой. Халықты төмендетіп, өзін биік ету - мен үшін өте төмен деңгей. Кімсің сен, халықты төмендететін?

Халық өнерді әр түрлі қабылдайды. Халықта жүрек бар, жан бар. Әркімнің өз тұрмыс-тіршілігі, бала-шағасы бар. Халық өзіне керегін алып, керек емесін сызып тастайды. Олар да ақымақ емес қой.

Халық қорқынышты фильмді де көреді. Желіні ашады да, қалаған жанрын көреді. Біз бірнәрсе түсірсек, "Ондайды көрмеу керек. Соттау керек" дейді. "Таптым-ау, сені" фильмі қандай сотқар нәрсе көрсетеді? Қазақтың қанын шығарды ма? Не істеді? "Кинодан не тәрбие аламыз" деу, қате пікір. Керісінше, кинодан "Былай жасауға болмайды" деген пікір қалыптастырса екен.

Ал сынап жатқан кісілер мемлекеттің ақшасына фильм түсіріп, талан-тараж қылды. Ал өзіндей қаршадай қыз біреуден қарыз алып, кино түсірді. Мен өз-өзіме жаным ашыды. Образымды ауыстырайын дедім. Менің пиғылым жаман ба сонда? Өз өнеріме жаным ашығандықтан ғой. Халықтың қолдауы өте көп. Алғыс айтамын. Бірақ бір-екі адамның пікіріне бола, халықты түсіріп тастауға болмайды", - деді Дариға Бадықова.

Еске сала кетейік, осыған дейін режиссер Ермек Тұрсынов "Мүмкін емес" бағдарламасында актриса Дариға Бадықова түсірген "Таптым-ау сені" киносын сынға алған болатын.

"Кинода не болып жатқанын айттым. Бұл - деградация. Бұл - диверсия. Қазір біздің көз алдымызда диверсия болып жатыр. Әлгі әйел мотоциклмен жүретін фильмде адам толып отыр. Иә, "Таптым-ау, сені" фильмі. Мен арнайы бардым. Бұл - катастрофа. Зал лық толы. Біздің ұлтымыз соншалықты уланып қалды. Олардың жаны мен миы соншалықты уланып қалған. Балағаттауға болмайды иә?", - деген болатын Ермек Тұрсынов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2058601-xalyq-ar-turli-qabyldaidy-dariga-badyqova-kinosyn-synagandarga-zauap-berdi/