Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мен үшін маңызды күн": Димаш Құдайберген жанкүйерлеріне алғысын айтты

Опубликовано:

Димаш Құдайберген
Димаш Құдайберген. Фото: instagram.com/kudaibergenov.dimash

Ғажайып дауысымен күллі әлемге танылған Димаш Құдайберген желіде жанкүйерлеріне алғысын білдірді. Ол тыңдармандарымен өткізген жеті жылының әрбір сәтіне риза екенін жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Димаш Құдайберген Instagram парақшасында өнер жолында өзіне қолдау көрсетіп келе жатқан жанкүйерлеріне жазба арнап, оларға деген алғысын білдірді.

"Құрметті достар, сүйікті Dears! Бүгін мен үшін өте маңызды күн. Себебі біз жетінші мерейтойымызды атап өткелі жатырмыз! Өздеріңіз білесіздер, 7 саны қазақ халқы үшін қасиетті сан. Сондықтан мен сіздермен бірге болған 7 жылымның әрбір сәтіне шексіз ризамын.

Мен өзімнің шығармашылығымды сіздермен бөлісіп паш ете алатынымды және сіздермен бірге керемет естеліктер жасағанымды мақтан тұтамын. Қолдауларыңыз үшін мың алғыс! Әрқашан бақытты болыңыздар! Алдағы болатын концертімде кездескенше", - деп жазды Димаш.

Айта кетейік, осыдан жеті жыл бұрын 2017 жылы Димаш Құдайберген Қытайда өткен "I am Singer" конкурсының финалында екінші орын иеленіп, әлем бойынша танымалдылығы артқан болатын. Сол жылы әншінің "Dears" атты фан-базасы пайда болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2058615-men-usin-manyzdy-kun-dimas-qudaibergen-zankuierlerine-algysyn-aitty/

pixel