Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қан жөтелді": Балжан Бидаш туған күннен кейін әкесінің жағдайы нашарлағанын айтты (фото)

Опубликовано:

Балжан Бидаш әкесімен
Балжан Бидаш әкесімен. Фото: instagram.com/bidash_official

Әнші Балжан Бидаш күні кеше әкесінің 62 жасына көлік сыйлағанын айтқан болатын. Өнер иесі Instagram желісіндегі парақшасында туған күннен кейін әкесінің ауруханаға жеткізілгенін мәлім етті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Біз ойламаған жерден әр түрлі сынақ бастала береді. Туған күн бітіп, қонақтар кете салысымен әкемде жөтел басталды. Біз күтпеген жерден қан жөтелді. Бәріміз абыр-сабыр болып қалдық. Жедел жәрдемді күтпей, әкемді ауруханаға әкелдік", - деді Балжан Бидаш.

Ал сәлден соң әнші әкесіне нақты диагноз қойылмағанын және ата-анасын Стамбұлға емдеуге алып бара жатқанын айтты.

"Шүкір, біз үйге келдік. Нақты диагноз таппады. Жөтелді басатын система салды. Дәрілер жазып берді. Дәрігерге рахмет.

Бірақ әкешім қорқытып жіберді. Бұлай болмайды. Дұрыстап, емге кірісу керек. Сондықтан Стамбұлға ұшатын болдық. 7 сағаттан соң хабарға шығамын", - деп жазды әнші.

Айта кетейік, бұған дейін Балжан Бидаш әкесінің туған күнін жақындары арасында атап өткенін және көлік сыйлағанын атап өтті.

Балжан Бидаш сторис
Балжан Бидаш сторис. Скриншот: instagram.com/bidash_official

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2058621-qan-qusty-balzan-bidas-tugan-kunnen-keiin-akesinin-zagdaiy-nasarlaganyn-aitty-foto/

pixel