Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Іштарлық": Дариға Бадықова фильміне сын таққан Ахметбек Нұрсилаға жауап берді

Опубликовано:

Дариға Бадықова мен Олжас Абай
Дариға Бадықова мен Олжас Абай. Видеодан кадр: ҚЫЗЫҚ TIMES бағдарламасы

Актриса Дариға Бадықова алғашқы туындысын көпшілікке ұсынғанда, өзіне кімдердің қолдау көрсеткенін айтты. Өнер иесі Aq pen Qara бағдарламасында фильмін сынаған Ахметбек Нұрсилаға жауап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Фильм нашар болса, халық бармайды. Халықтан қолдау болды. Тек мақтау есту маңызды емес. Жамандық естісең де, ол көзқараспен келісу керек", - деді актриса.

Сондай-ақ Дариға Бадықова бизнес-тренер Ахметбек Нұрсиланың сынына жауап қайтарды.

"Іштарлық қой енді. Ол бишараның қызғаныштан ішегі айналмайды. Ол - бишаралық қой. Келген қонақты бір көзіңді ашып, бір көзіңді жұмып аңдиды екенсің. Сіресіп қалғандар, "Ой, түсіргені осы ма" дегендер болды. Сен сол қора-қопсықтан шықтың ғой, әуелі. Оған несіне намыстанып тұрсың? Мен ауылдан кетпейтін сияқтымын. Кеш батса, ауылға кеткім келеді. Өзім шыққан ауылды көрсету намыс па? Олар біз арқылы танылғысы келетін шығар.

Қазақтың жауы - қазақ. Бір-бірін аяқтан шалады, ақшасын санайды. Ол байыса, сен де байисың ғой. Ол - ердің ағасы, елдің ағасы. Видео түсіріпті. Ол кісінің тірлігі үшін ұялдым. Жаңағы, Нұрсиланы (Ахметбек Нұрсила - ред.) айтамын. Телефонын қосып қойып, түсіріп тұр ғой. Ер адамға мүлде ұят нәрсе ғой. Өнер адамы арқылы өзіне қаралым жинау, өте төмен деңгей", - деді актриса.

Сонымен қатар ол болашақта кино түсірген өнердегі сіңлілеріне қолдау көрсетуге тырысатынын айтты.

"Мысалы Димаш әлемдік деңгейде концерт береді. Бірақ артында еліміз, жеріміз көрсетіледі. Мен Димашқа өте ризамын. Болашақта сіңлілерім кино түсірсе, барынша қолдау көрсететін шығармын. Қанатын сындырмау керек қой. Оның қанатын сындырғанда, қай жеті атаң риза болады? Керісінше, "Ішің тар, албастысың" деп жеті атаң қарғамайды ма? Ұят нәрсе!", - деді Дариға Бадықова.

Айта кетейік, осыған дейін Ахметбек Нұрсила Facebook желісіндегі парақшасында "Таптым-ау, сені" фильмін сынға алған болатын.

"Халық топырлап барып жатыр" дегенді естіп, біз де барып көрдік. Шошқа қорадан тамақ ішкендей, жүрегіміз айнып шықтық. Актерлердің шеберлігінде сөз жоқ. Бірақ ұлтты осынша қорлап, осынша төмендету үшін туған халқыңды қалай жек көре білу керек? Не деген сорлылық! Ұлтқа жасалып жатқан қастандық, басқа ештеңе айта алмаймын. Қазір көрсетіліп жатқан қазақ киноларының бәрі осындай болса, онда масқара! Құрыған, біткен екенбіз", - деп жазған болатын Ахметбек Нұрсила.

Еске сала кетейік, осыған дейін Дариға Бадықова өзіне сын таққан режиссер Ермек Тұрсыновқа жауап қайтарған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2058639-qazaqtyn-zauy-qazaq-dariga-badyqova-filmine-syn-taqqan-axmetbek-nursilaga-zauap-berdi/

pixel