Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Төбелесіп қалған кезіміз болды": Ақерке Арыс күйеуі мен енесімен қарым-қатынасы қандай екенін ашып айтты

Опубликовано:

Ақерке Арыс
Ақерке Арыс. Видеодан кадр: Youtube/Мамский әңгіме

Отандық танымал актриса Ақерке Арыс отбасы жайлы сыр шертіп, күйеуі мен енесімен қарым-қатынасы қандай екенін ашық айтты. Өнер иесі жанұясында келіспеушіліктер болып тұратынын жасырмады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазады.

Ақерке Арыс отбасылық өмірі жайлы бар шындықты "Мамский әңгіме" подкастында айтып берді. Ол жолдасымен ұрысып, тіпті тқбелесіп қалатын кездері болатынын жеткізді.

Сонымен қатар енесімен де келіспей қалатын жағдайлар орын алатынын жасырмады. Алайда түбі бәрін өзара талқылап, бір мәмлеге келетінін айтты.

"Менің отбасылық өмірім тура кинодағыдай. Ұрысып, қырылысып қаламыз. Бір сағаттан кейін ұмытып кетеміз. Түк болмағандай күліп сөйлесіп кетеміз. Күйеуіммен қарым-қатынасым жақсы. Ол мені жақсы түсінеді. Бәрін сабырмен шешуге тырысады. Маған "Елдер өліп те кетіп жатыр ғой, бұл оның қасында не? Уайымдамашы" деп айтады. Енеммен қарым-қатынасымда мен өте ашықпын. Мен қиналып жатсам солай айтамын. Маған көмек керек болса сұраймын. Ол нәрсеге ұзақ уақыт келдім. Басында бәрін ішке жинайтынмын. Қазір қысылмай айтатын болдым.

Енеммен бәрін ашық сөйлесіп талқылаймыз. Ұрыс болады, күйеуіммен төбелесіп қалатын кездерім де болады. Әйелдер қауымына айтарым сол. Бәрін ашық айта білу керек. Көп жағдайда үндемей қаламыз, сол үшін мәлеге де келмей қалып жатады. Көп әйелдер сөйлеспейді күйеулерімен. Маған көңіл жетіспесе күйеуіме айтамын. Қазір күйеуім оны біледі. Мен жөнсіз ашуланып жатсам, киноға шақырып шығады. Енем де маған ашық. Ұрысып аламыз да, түбінде бәрібір түсінісеміз", - деді Ақерке Арыс.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2058641-tobelesip-qalgan-kezimiz-boldy-aqerke-arys-kuieui-men-enesimen-qarym-qatynasy-qandai-ekenin-asyp-aitty/

pixel