Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Айтқаным келеді": Айжан Байзақова болашақты болжайтын ерекше қасиеті туралы айтты

Опубликовано:

Айжан Байзақова
Айжан Байзақова. Фото: instagram.com/bayzakova

Қазақстандық танымал блогер Айжан Байзақова өзі жайлы көпшілік біле бермейтін жайтты ақтарды. Желі жұлдызы болашақты болжайтын ерекше қасиеті бар екенін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Блогер ару бойындағы ерекше қасиеті жайлы Instagram желісінде айтып берді. Сөзінше, оның айтқаны әркез орындалып жатады екен.

Байзақова тіпті Алматыда болатын жер сілкінісінен бір ай бұрын отбасын төтенше жағдайдан құтқару амалдарын ойластыратынын айтқан екен.

"Менің айтқан әр сөзім орындалып жатады. Сол үшін отбасымнан ұрыс естимін. Мына видеоны 24 желтоқсан күні салдым. Бұл жерде жатар алдында үнемі отбасымды төтенше жағдайдан құтқару жоспарын құратынымды айтып жатырмын. Осыдан кейін келесі айда Алматыда жер сілкінді. Бұл әрине "апокалипси" емес. Бірақ менің ойлағанымдай жағдай болды деп айта аламын. Менің айтқаным келген жағдайлар өте көп болған. Бәрі қысқа мерзімде орындалып кетеді. Мен сөйлей бастасам анам "Айжан, сен сөйлемеші" деп шығады. Үйімізде көмекшіміз болатын. Соған әзілдеп "ертең келмеймін демеші, сен бізге керексің" дегенімде шынымен ауырып, келе алмай қалған", - деп ағынан жарылды Байзақова.

Айжан Байзақованың Stories-i
Айжан Байзақованың Stories-i. Скриншот: Instagram/bayzakova

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2058670-aitqanym-keledi-aizan-baizaqova-bolasaqty-bolzaityn-erekse-qasieti-turaly-aitty/

pixel