Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бүркіт пен Аиша Балиде қалай демалып жатқанын көрсетті (видео)

Опубликовано:

Бүркіт пен Аиша
Бүркіт пен Аиша. Видеодан кадр: "Жақсы адамдарым" бағдарламасы

Саяхаттағанды жақсы көретін қазақстандық шоу-бизнестегі жұлдызды жұп Бүркіт пен Аиша тағы да шетелге демалысқа аттанды. Ерлі-зайыпты бұл жолы Индонезияға жол тартқан, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бүркіт пен Аиша Балиге ұшып кеткені жайлы Instagram парақшасында хабарлады. Жұлдызды жанұя желіде асқан белсенділік танытып, ыстық мекендегі демалысы қалай өтіп жатқанын көрсетті.

Өнер иелері мұхиттың суына шомылып, Балидің әсем жерлерін аралап жүр. Оған қоса ерлі-зайыпты қандай жерде тұрып жатқанын да көрсеткен. Олар өздері жалға алған вилланың видеосын жариялап, бұл елге саяхаттауды жоспарлап жүрген оқырмандарына өз кеңесін айтты.

Сонымен қатар Аиша Бали аралында жаңа жасын қарсы алған. Күйеуі Бүркіт оны туған күнімен ерекше құттықап, әдемі гүл шоғын тарту еткен. Ол өзіне перзент сыйлап, өмір бойы қолдау білдіріп келе жатқан жарына алғысын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2058678-burkit-pen-aisa-balide-qalai-demalyp-zatqanyn-korsetti-video/

pixel