Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Айтыскер Айшолпан Тілеутай Түркияда ота жасатып, қазіргі жағдайын айтты (видео)

Опубликовано:

Айшолпан Тілеутай
Айшолпан Тілеутай. Фото: Instagram/tleutai.aisholpan

Отандық танымал айтыскер Айшолпан Тілеутай Түркия еліне ем алуға барып, асқазанына ота жасатты. Жас өнерпаз операция аяқталған соң байланысқа шығып, қазіргі жағдайын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Айшолпан Тілеутай денсаулығы сыр берген соң, бірден Түркия еліне жол тартқан. Бірқатар тексерістен кейін дәрігерлер айтыскер аруға ота жасауды шешкен. Стамбул қаласында оған екі операция жасалды.

Жас өнерпаз Instagram парақшасында өзі үшін асқан алаңдаушылық білдірген оқырмандарымен байланысқа шығып, жағдайы қалай болғанын баяндап берді.

"Құрметті менің оқырмандарым, жанашырларым, тілекшілерім! Стамбулға келгеніме 1 апта болды. Жоспарланған отам сәтті өтті! Аллаға шүкір! Елдер арықта деп келемеждеп, мысқылдап сыртымнан күліп жүргенде асқазанымда ауру барын да байқамай қалыппын! Артық салмақтың шешімін табамыз, алдын аламыз Стамбулға кел деп шақырған жандарға мың алғыс! Жалпы асқазаныма 2 ота жасалды.

Қазіргі таңда жағдайым жақсы! Инстаграм парақшама, алты сағаттай уақыт ішінде 1700-дей пікір жазылыпты. Барлығы саулығымды тілеген, демеу берген, қайрат беріп, Алладан рахым сұрап, дұға жасаған ақ тілектер екен. Кәдімгідей қуанып, қуаттанып қалдым. "Жақсы сөз -жарым ырыс" дегенді шын сезіндім. Қазақ елім сіздерді жақсы көремін", - деп жазды айтыскер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2058757-aitysker-aisolpan-tileutai-turkiyada-ota-zasatyp-qazirgi-zagdaiyn-aitty-video/

pixel