Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әженің баласымын": актер Шерхан Пірназар балаларының тәрбиесіне араласпайтынын айтты

Опубликовано:

Шерхан Пірназар
Шерхан Пірназар: Instagram/sherhanpirnazar

Отандық актер Шерхан Пірназар балаларының тәрбиесін ата-әжесіне тапсырғанын айтты. Өнер иесі REVUE NEWS бағдарламасында бұл шешіміне жұбайының да келіскенін жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Актердің айтуынша, ол жұбайымен ақылдасып, балаларын ата-анасына сеніп тапсырған. Ал оның жұбайы бұл шешімге келіскен.

"Балаларымызды "Біз емес, сіздер бағыңыздар. Ары қарай өздеріңіз өсіріңіздер, бағыңыздар, қағыңыздар. Махаббат беріңіздер. Біз араласпай-ақ қояйық" дедік анамызға. Иә, біз дүниеге әкелдік. Өйткені, өзім әженің баласымын", - деді Шерхан Пірназар.

Еске сала кетейік, осыған дейін актер алғаш рет ата-анасы жайлы айтып, балалық шағын еске алды. Өнер иесі ата-анасы ажырасып кеткенде, әжесінің туған ұлына теріс бата бергенін айтты.

"Мен әжемнің баласы болып өстім. Ол кісі сегіз бала дүниеге әкелген, біреуі қыз, тоғызыншысы мен болдым. Жатса да, тұрса да мені жанынан тастамайтын. Әжемнің жеті баласы бір үйде тұрған. Жеті келіннің ішінен менің мамамды ерекше жақсы көріп, тірлік істетпей еркелеткен ғой. Бірақ әке-шешем ажырасып кетті. Сол кезде қатты жылағаным есімде. Сонда әжем өз баласына "немеремді жетім еттің" деп қатты ұрысқан...", - деп еске алды актер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2058764-azenin-balasymyn-akter-serxan-pirnazar-balalarynyn-tarbiesine-aralaspaitynyn-aitty/

pixel