Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тақырлап тастауға дайынмын": Шаш үлгісін өзгерткен Әсел Сағатованы ел танымай қалды

Опубликовано:

Әсел Сағатова
Әсел Сағатова. Фото: Instagram/asselsagatova

Қазақстандық танымал актриса Әсел Сағатова желіде ерекше образдағы суретін жариялап, елді таңғалдырды. Суреттерден өнер иесінің шашы қысқарып қалғанын байқауға болады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әсел Сағатова ерекше образын Instagram парақшасында паш етті. Фотодан кино жұлдызының шаш үлгісін өзгертіп тастағанын көруге болады.

Желі қолданушылары актрисаның мұндай өзгерісіне қатты таңғалып, кейбірі тіпті оны танымай қалған. Өнер иесін шашын қысқартып тастағаны үшін сынға да алғандар болды.

Алайда Сағатова шашына өзгеріс енгізбегенін айтып, басындағы парик екенін жеткізді.

"Өзіңізді өзгертуге құмарсыз ба? Мен негізі ондайға аса жоқпын. Бірақ өзім сенімді болатын жоба үшін басымды тақырлап тастауға дайынмын. Әзірге париктер де жақсы жарасып тұр", - деп жазды ол.

"Шашыңызды неге кесіп тастағансыз?", "Мына шашыңыз болмады. Өз шашыңыз, өз түсіңіз жақсы еді", "Мен тіпті сізді танымай да қалдым. Суретті ашып қарағанда сіз екенін біліп, қатты таңғалдым. Сізден бұндайды күтпедім", - деп жазды оқырмандар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2058818-taqyrlap-tastauga-daiynmyn-sas-ulgisin-ozgertken-asel-sagatovany-el-tanymai-qaldy/

pixel