Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қара тізімде": актер Олжас Абай ел арасында тараған қауесетке пікір білдірді

Опубликовано:

Олжас Абай
Олжас Абай. Видеодан кадр: Aq pen Qara бағдарламасы

Көпшілікке Ochooou лақап есімімен танылған Олжас Абайдың "Таптым-ау, сені" фильміне дейін қара тізімде болғаны рас па? Өнер иесі Aq pen Qara бағдарламасында ел арасында тараған қауесетке жауап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бағдарлама жүргізушісі Бағлан Әбдірайымов актерден "Кино түсіруші, кастинг директорлары арасында "Олжас қара тізімде" деген әңгіме тарады. Осыдан кейін елдің бәрі "Не боп қалды" деді. Уайымдайтындар да, күлетіндер де болды. Одан кейін "Таптым-ау, сені" фильмі шықты. Бұл маркетингтік әдіс пе? Жалпы, кино әлемінде қара тізімге кімдер қояды?", - деп сұрады.

Ал Олжас Абай бұл қауесетті жоққа шығармады.

"Қара тізімге кастингтің қоятын құқығы жоқ. Менің бойымда тулап жатқан қаным барда, өнерім барда ешкім қара тізімге қоя алмайды. Бұл сұхбатқа кейін арнайы жауап бере жатармын. Оның өзінің тұспа-тұс себебі болды. Менің жоқ болғаным да дұрыс болды. Мен "Таптым-ау, сені" фильміне физикалық, психологиялық тұрғыдан дайындалдым", - деді Олжас Абай.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2058821-qara-tizimde-akter-olzas-abai-el-arasynda-taragan-qauesetke-pikir-bildirdi/

pixel