Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Аспанда қалықтап ұштым": Жұлдыз Әбдікәрімова бала кездегі арманының барлығы орындалғанын айтты

Опубликовано:

Жұлдыз Әбдікәрімова
Жұлдыз Әбдікәрімова. Фото: instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial

Отандық танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова бала күнінен бері орындалып келе жатқан армандары туралы айтты. Өнер иесінің сөзінше, ол бүгінде қалағанына қол жеткізген, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қайрат Нұртастың келіншегі балалық шағындағы армандаған дүниелері жайлы Instagram желісінде сыр шертті.

"Мен бала күнімнен қуыршақтарды өте қатты жақсы көрдім. Ата-анам бетімнен қақпай қуыршақтарды үйіп-төгіп әперетін. Өте ұқыпты болдым. Бір қуыршағымды да тоздырмай, жоғалтпай ойнаушы едім. Содан 13 жасқа толғанда көршім: "Ең жақсы көретін, қимайтын затыңды біреуге беру керексің. Әйтпесе жаманшылық болады" деді. Мен соған сеніп, үйдегі бар қуыршақты танымайтын бір қызға бере салдым. Араға жылдар салып, өзіме қайтадан қуыршақтар сатып алдым", –дейді актриса. 

Жұлдыз Әбдікәрімованың Stories-i
Жұлдыз Әбдікәрімованың Stories-i. Скриншот: Instagram/zhuldyzabdukarimovaofficial

Сонымен қатар өнер иесі бұрыннан бері 2 ұл мен 2 қызы болғанын қалаған екен. Оған қоса актриса саяхат пен хобби туралы да армандаған.

"Неге екені белгісіз, бойжеткен шағымда 4 балам болса деп армандадым. Тіпті 2 ұл, 2 қыз болуын қаладым. Тұп-тура келді. Одан кейін саяхатқа қатысты да біраз айтқаным орындалды. Биіктіктен секіруді мақсат еткен едім. 2013 жылы Түркияның Тахталы қаласында 2365 метр биіктіктен секіріп, аспанда қалықтап ұштым. 2017 жылы су астындағы тіршілікті көру арманым орындалды. Мальдив аралдарына демалысқа барғанда теңіз астына түсіп, ондағы тіршілікті көзбен көрдім. Үлкен тенниске қатысу, атқа міну секілді спорт түрлерін де арманымның қатарында еді, барлығы орындалды", – деп ағынан жарылды актриса. 

Жұлдыз Әбдікәрімованың Stories-i
Жұлдыз Әбдікәрімованың Stories-i. Скриншот: Instagram/zhuldyzabdukarimovaofficial

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2058833-aspanda-qalyqtap-ustym-zuldyz-abdikarimova-bala-kezdegi-armanynyn-barlygy-oryndalganyn-aitty/

pixel