Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өз теңіме шықпадым": босаға аттағанына 10 жыл болған Мадина Сәдуақасова жан сырын ақтарды (видео)

Опубликовано:

Мадина Сәдуақасова жолдасымен
Мадина Сәдуақасова жолдасымен. Фото: instagram.com/sadvakasovamadina

Әнші Мадина Сәдуақасованың келін атанып, ақ босаға аттағанына он жылдың жүзі болған. Өнер иесі Instagram желісіндегі парақшасында он жыл бұрын өзінен жасы кіші жігітке тұрмысқа шыққаны үшін сынағандар болғанын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әншінің айтуынша, тура он жыл бұрын өзін көпшілік "жас жігіттің басын айналдырды" деп айыптаған.

"2014 жылдың 2 ақпаны күні мен бірден қартайдым. "Жас баланың басын айналдырған" адамға айналдым. Өйткені, өз теңіме тұрмысқа шықпадым. Сол кезде өмірімде алғаш рет ең көп жаман сөздер естідім.

Арада 10 жыл өтті. Енді "Қандай жарасымды жұп", "Тойға неге Олжаспен бармайды", "Күйеуін әлеуметтік желіге жарияламайды" дейді. Уақыт-ай! Он жылдық тез-ақ өтіп кетеді екен ғой. 10 жылдық құтты болсын", - деп жазды Сәдуақасова.

Сонымен қатар әнші көпшілікке үйлену тойының естелік видеосын көрсетті.

"Трендті Раимнан бұрын бастаған - Олжас", - деп жазып қойды әнші.

Айта кетейік, Мадина Сәдуақасова жолдасы Олжастан 7 жас үлкен. Өнер иесі мен күйеуі бүгінгі таңда бір ұл тәрбиелеп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2058838-oz-tenime-syqpadym-turmysqa-syqqanyna-10-zyl-bolgan-madina-saduaqasova-zan-syryn-aqtardy-video/

pixel