Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Спортшы, дәрігер, құтқарушы: әр саланың өкілдері бақ сынайтын "Егіз лебіз" мегажобасы қайта эфирде

Опубликовано:

"Егіз лебіз" жобасы
"Егіз лебіз" жобасы. Фото: Qazaqstan телеарнасы

3 ақпаннан бастап «Qazaqstan» Ұлттық арнасынан «Егіз лебіз» мегажобасы қайта эфирге шығады. Музыкалық мегажобада кәсіби әншілер мен қоғамның түрлі саласы мамандарынан құралған 12 өнерлі жұп сынға түседі. Қатысушылар арасында танымал спортшылар, кино және театр актерлері, дәрігер, құтқарушы, күйші, айтыскер ақын, тележүргізушілер бар.

Бұл маусымда көрермен қоян-қолтық ұрыстан үш дүркін Әлем чемпионы Қазбек Сағынның, пандемия кезінде «Qazaqstan» телеарнасы арқылы дәрігерлік кеңес беріп, мыңдаған жанның өміріне арашашы болған дәрігер Айнұр Тажинаның, Қазақстан футбол құрамасының ойыншысы Ұлан Қонысбаевтың, Астанада зәулім үйдің терезесінде ілініп тұрған 3 жасар баланы ерлікпен құтқарып қалған Сәбит Шонтақбаевтың, айтыскер ақын Айым Асылбекқызының кәсіби әншілермен бірге сахнадағы өнерін тамашалай алады.

"Егіз лебіз" жобасы
"Егіз лебіз" жобасы. Фото: Qazaqstan телеарнасы

Сондай-ақ жобада бақ сынайтын өнерпаздар арасында актерлер Қобыланды Болат пен Сырым Қашқабаев, актриса Жанел Серғазина мен Гүлнар Силбаева, тележүргізуші Алла Гаврина мен блогер-вайнер Таня Тұрлай әншілер Ғаділбек Жанай, Балжан Бидаш, 2RAR, AUKA, Еркеш Хасен, Дастан Оразбеков, Альбина Шардарова, дәстүрлі әнші Ерлан Рысқали, опера әншісі Дариға Мұсаева бар.

"Егіз лебіз" жобасы
"Егіз лебіз" жобасы. Фото: Qazaqstan телеарнасы

Жобадағы қазылар алқасының тұрақты мүшелері – Қазақстанның Халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов пен эстрада және опера әншісі Толқын Забирова. Ал қазылар құрамасының үшінші мүшесі әр шығарылым сайын ауысып отырады. Олардың қатарында әйгілі «Дос-Мұқасан» ансамбілінің мүшесі Мұрат Құсайынов, Халық әртісі Роза Рымбаева, Мақпал Жүнісова, ҚР еңбек сіңірген әртісі Майра Мұхамедқызы, Майра Ілиясова, «МузАрт» тобының мүшелері Мейрамбек Бесбаев, Сәкен Майғазиев, Кенжебек Жанәбілов, Қанат пен Света Айтбаевтар, Жұбаныш Жексенұлы, белгілі композиторлар Ринат Гайсин мен Ерболат Беделхан бар.

"Егіз лебіз" жобасы
Тұңғышбай Жаманқұлов пен Толқын Забирова. Фото: Qazaqstan

«Телекөрерменді қазылар алқасының төртінші мүшесі деп айтуға болады. Бұл маусымда көрерменді тосынсый мен әсерлі шоу күтіп тұр. Жобадан шығып қалған өнерлі жұптар қайта оралуы мүмкін. Олар бір-біріне көмектесіп, жұптарымен алмасатын болады. Мерекелік шығарылымдарда дуэттер трио мен квартетке айналып, сахнада қатысушылардың туыстары да өнер көрсетеді», - дейді музыкалық продюсер Ержан Қожабек.

Мегажобада барлығы 12 жұп жанды дауыста ән орындап, сайысқа түседі. Қатысушылардың өнері қазылар алқасы мен көрермендердің онлайн дауыс беруі арқылы бағаланады. Әр кезең сайын қазылардың ұпайы мен көрермен берген дауыс қосындысы бойынша аз көрсеткіш алған бір жұп жобадан шығады.

"Егіз лебіз" жобасы
"Егіз лебіз" жобасы. Фото: Qazaqstan телеарнасы

Тағы бір ерекшелік, жобаның әр шығарылымы түрлі тақырыпқа арналады. Қатысушы жұптар Шәмші Қалдаяқов пен әйгілі «Дос-Мұқасанның» аңызға айналған әндерін, патриоттық әндерді, заманауи хит әндерді, қазақстандық және әлемдік үздік фильмдердің саундтректері мен ретро әндерді орындаудан сынға түседі.

"Егіз лебіз" жобасы
"Егіз лебіз" жобасы. Фото: Qazaqstan телеарнасы

Қазақстандық көрермендер жобаны «Qazaqstan» арнасынан 3 ақпаннан бастап әр сенбі 20:00-де тамашалай алады. Бағдарлама жүргізушілері - Ғалымжан Кеңшілік пен Гүлнұр Оразымбетова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2058894-sportsy-dariger-qutqarusy-ar-salanyn-okilderi-baq-synaityn-egiz-lebiz-megazobasy-qaita-efirde/

pixel