Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Надандық деп ойлаймын": Мадина Сәдуақасова елтаңбаны білмейтін жастарға шүйлікті

Опубликовано:

Мадина Сәдуақасова
Мадина Сәдуақасова. Фото: Instagram/sadvakasovamadina

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мадина Сәдуақасова тәуелсіз мемлекетіміздің елтаңбасын білмейтін жастарға шүйлікті. Өнер иесі желіде азулы жазба жариялап, оларға деген өкпе-ренішін білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мадина Сәдуақасова жастарға деген үндеуін Instagram парақшасында жариялады. Әнші өз елінің мемлекеттік рәміздерін білмеу надандық деп есептейді.

"Әлем бойынша жер көлемі жағынан 9 орынды иемденген біздің Қазақстан Республикасының таңбасын қаншалықты танимыз? Мұны неге айтып жатырмын?! Ғаламторды қарап отырып, бір мақаланы көзім шалып қалды. Жастардың көбі елтаңбамызды білмейді екен. Бұл не деген сұмдық? Президенті бар, тәуелсіз ел, қаншама елмен экономикалық байланыс жасап, білім негізінде тәжірибе алмасып, тарихымыз тереңде жатқан Қазақстан елінің, өзің туған Отаныңның ұлттық рәміздерін, елтаңбасын білмеу надандық деп ойлаймын. Балабақша, мектеп, колледж, университеттің бәрінде ұлттық рәміздерге жіті мән беріліп, бәріне ақпарат жетуге тиіс", - деп жазды эстрада жұлдызы.

Сонымен қатар өнер иесі арнайы білмейтіндер үшін Қазақстанның елтаңбасын сипаттап жазды.

"Біздің елтаңбамыз - біздің белгіміз! 1992 жылы ресми түрде қабылданды. Оның авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов. Ол жерде бейнеленген көгілдір түс аясындағы шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбез тәрізді бөлігі) бейнесі. Шаңырақты айнала күн сәулесі секілді тараған уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағына аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – көлемді бес бұрышты жұлдыз, ал төменгі бөлігінде "Qazaqstan" деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ  "Qazaqstan" деген жазу – алтын түстес", - деп жазды әнші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2059077-nadandyq-dep-oilaimyn-madina-saduaqasova-eltanbany-bilmeitin-zastarga-suilikti/

pixel