Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Естігенде аяғым жүрмей қалды": Ләйлә Сұлтанқызы ұлына қатты алаңдаған кезін еске алды

Опубликовано:

Ләйлә Сұлтанқызы ұлдарымен
Ләйлә Сұлтанқызы ұлдарымен. Фото: instagram.com/sultankyzy

Қазақстандық танымал тележүрізуші Ләйлә Сұлтанқызы ұлының кішкентай кезіндегі қызықты оқиғасын еске алып, оқырмандарына айтып берді. Ақпарат өкілінің баласы тиын жұтып қойып, анасын біраз уайымдатқан, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ләйлә Сұлтанқызы Instagram парақшасында ұлының тиын жұтып қойған кезі туралы айтып берді. Тележүргізуші баласы көгеріп кеткенде қатты уайымдағаннан не істерін білмей қалған. Сөзінше, ол ұлы қақалып жатқанын естігенде аяғы жүрмей, екінші қабаттан түсе алмай қалған екен.

"Сағадат кішкентай кезінде тынымсыз еді. Үйде кішігірім қорап тұратын. Ішіне тауып алған тиындарды, қалған жинаймыз. Саға күнде шашып, оны қайта жинап ойнайтын. Әдеттегідей бір күні үстелдің астына кіріп, сол тиындармен ойнап отырған. Бір кезде сап-сары балам қақалып, көгеріп кетті. 5 теңге тамағына тұрып қалған. Айнагүл тәте не істерін білмейді. Мен арғы бөлмеде жүргенмін. Естігенде аяғым жүрмей, екінші этаждан түсе алмай қалдым. Гәккә (көмектесіп жүрген бөлем) қолын тамағына тығады, анау шықпайды. Айнагүл тәте ары-бері жүгіріп жүр. Әлгі тиын бір кезде ішіне түсті де, бала ойнап кете берді. Ал біз паникамен оны ауруханаға апарып, рентгенге түсірдік", - деп жазды Сұлтанқызы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2059093-estigende-ayagym-zurmei-qaldy-laila-sultanqyzy-ulyna-qatty-alandagan-kezin-eske-aldy/

pixel