Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Керемет жұп шығады": Қонысбаевпен фотосессия жасаған Балжан Бидаш желіде қызу талқыға қалды

Опубликовано:

Балжан Бидаш пен Ұлан Қонысбаев
Балжан Бидаш пен Ұлан Қонысбаев. Фото: Instagram/bidash_official

Қазақстандық танымал әнші Балжан Бидаш "Егіз лебіз" бағдарламасындағы жұбы, Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы Ұлан Қонысбаевпен ерекше фотосессия жариялады. Қос жұлдыздың суреттері желіде бірден қызу талқыға түсті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Балжан Бидаш жобадағы жұбымен түскен суреттерін Instagram парақшасында жариялап, көпшіліктен оған қолдау білдіруін сүрады. Ол 25 жыл бойы футбол ойнаған азамат үшін сахнаға шығып жанды дауыста ән салу оңай емес екенін алға тартты.

"25 жыл жасыл алаңда футболда болған жігіт бірден үлкен сахнаға келіп, халықтың, камераның алдында жанды дауыста ән айтып, харизмасын көрсетіп, билеп, әнді абыроймен алып шыққан Ұланға, жалпы "Егіз лебіз" жобасындағы дуэтымыз, орындауымыз, образымыз, әніміз күтпеген жерден көрермен көзайымына айналды. Алдағы кезеңдерде дәл осылай шулап қолдасаңыздар шоу күте беріңіздер онда. Тағы да рахмет достар. Біз қуаныштымыз", - деп жазды әнші.

Желі қолданушылары қос жұлдыздың суреттерін қызу талқылап, олардың қатты жарасатынын жарыса жазуда.

"Қасыңызда кез келген ер азамат сымбатты болып кетеді", "Осы жігітпен жарасасыз", "Жұптың иісі шығып тұр", "Сіздерден күшті жұп шығады. Екеуіңіз де сымбаттысыздар. Қатты жарасасыздар", "Балжан осы жігітпен жарасатын сияқты", "Күшті жұп шығатын сияқты. Сіздерге қарасаң көз тоймайды", "Бір ұқсастықтарыңыз бар", "Жобадағы жұптық өмірде жалғасын табар ма екен", - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2059099-keremet-zup-sygady-qonysbaevpen-fotosessiya-zasagan-balzan-bidas-zelide-qyzu-talqyga-qaldy/

pixel