Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қатты ұрып жіберген": Ескендір Хасанғалиев консерваторияның соңғы жылында оқудан шығып кеткені белгілі болды

Опубликовано:

Ескендір Хасанғалиев
Ескендір Хасанғалиев. Фото: instagram.com/birjan_khassangaliev

Танымал композитор Ескендір Хасанғалиевтің ұлы әкесінің ел білмейтін құпиясын айтты. Біржан Хасанғалиев "Менің өмірім" бағдарламасында композитор консерваторияның соңғы курсында оқудан шығып кеткенін баяндап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Әкем консерваторияны 6 жылдай оқып, соңғы курсында оқудан шығып кеткен. Өйткені, мұғалімімен ұрысып қалған. Ол ұстаз өте жақсы маман болған. Алайда ол кісінің жүйкесі жұқа ма, мінезді болған. Содан әкеме дипломдық жұмысқа "Глюк" операсын берген. Соны қорғауы керек болған. Қызу дайындық жүріп жатады. Ол кезде әкем жас. Жұмыс жоқ, танымал емес. Кейде тіпті тамақ та ішпей қалады екен.

Әлгі мұғалімі ұрады екен. Қазіргі заманға сай келмейді, әрине. Қазір тіпті студенттер сотқа беруі де мүмкін. Бір рет қатты ұрып жіберген. Әкем шыдамай, "Неге олай істейсіз?" деп мұғалімнің қолынан қағып жіберген. Мұғалімі ректорға барып, "Не мына студентім кетеді. Не мен кетемін" дейді ғой. Ал сол кісінің күйеуі мәдениет министрі орынбасарының жұбайы болған. Әкем соған қарамастан, намысқа тырысқан. Әкем солай оқудан шығып кеткен", - деді Біржан Хасанғалиев.

Сонымен қатар өнер иесі әкесін қанша шақырса да, консерваторияға қайта бармағанын айтты.

"Осыдан кейін әкемді қанша рет консерваторияға шақырса да, бармады. 10-15 жыл жүрегінде қалып қойды. Ақыры консерваторияны бітіре алмады. Кейін Шымкенттің өнер институтын аяқтады", - деді Ескендір Хасанғалиев.

Еске сала кетейік, осыған дейін Біржан Хасанғалиев әкесі жайлы кітап жазып жатқанын айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2059123-qatty-uryp-zibergen-eskendir-xasangaliev-konservatoriyanyn-songy-zylynda-oqudan-sygyp-ketkeni-belgili-boldy/

pixel