Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нағима Есқалиева 70 жас мерейтойын дүркіретіп атап өтті (фото, видео)

Опубликовано:

Нағима Есқалиева мен Жеңіс Ысқақова
Нағима Есқалиева мен Жеңіс Ысқақова. Фото: Instagram/zhenisiskakova

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Нағима Есқалиева 70 жасқа толды. Өнер иесі туған күнін ет-жақындарының арасында дүркіретіп атап өткен, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Нағима Есқалиева 70 жас мерейтойын Алматыдағы қымбат мейрамханалардың бірінде атап өткен. Өнер иесінің туған күніне барша жақындары мен өнердегі достары жиналған.

Эстрада жұлдызын құттықтап келген әртістер арасында Роза Рымбаева, Жеңіс Ысқақова, Мейрамбек Бесбаев, Сәкен Майғазиев, Әли Оқапов болды.

Өнер иелері туған күн иесіне ақ тілегін жолдап, кеш қонақтары үшін ән шырқады.

Нағима Есқалиеваның ұлы Диас Аблаев анасының туған күнінде оған ән арнады.

Әнші Жеңіс Ысқақова 70 жас мерейтой қалай өткенін өзінің Instagram парақшасында көрсетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2059137-nagima-esqalieva-70-zas-mereitoiyn-durkiretip-atap-otti-foto-video/

pixel