Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дәурен Айдарқұлов пен Ақбота Сейтмағамбет ұлының сүндет тойын өткізді (фото, видео)

Опубликовано:

Ақбота Сейтмағамбет пен Дәурен Айдарқұлов отбасымен
Ақбота Сейтмағамбет пен Дәурен Айдарқұлов отбасымен. Скриншот: instagram.com/akbotanurabaykyzy

Әнші, актриса Ақбота Сейтмағамбет ұлын сүндеттеп, той жасады. Бұрынғы енесінің 70 жасы мен тұңғышының сүндет тойын бірге өткізген өнер иесі мейрамхана төріне Дәурен Айдарқұловпен бірге шықты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Видеодан мейрамхана төріне ұлы мен қызын ұстаған Ақбота Сейтмағамбет пен құшақ толы гүл ұстап келген Дәурен Айдарқұловты көруге болады.

Ақбота Сейтмағамбет
Ақбота Сейтмағамбет. Скриншот: instagram.com/akbotanurabaykyzy

Актриса тойдың естелігін Instagram желісіндегі парақшасында бөлісті.

"Әжеміздің 70 жасы мен ұлымның сүндет тойын бірге өткіздік. Енеме құрметім шексіз", - деп жазды Ақбота Сейтмағамбет.

Сонымен қатар актриса енесінің туған күніне тілек айтып, көзіне жас алды.

"Бұл үйдің қызы болып кеттім негізі. Көбісі не болып жатыр деп түсінбей жатқан шығар. Ең бастысы сізді жақсы көрем, құрметтеймін. Орының бөлек, өзіңіз білесіз. Аман болыңыз", - деп актриса көзіне жас алды.

Ал Ақботаның енесі келініне алғыс айтқан.

"Мен Ақботаны қалай жек көремін? Қалай жамандаймын? Дәуреннің алдында Жомарт деген ұлым болды. Алла 24 жасында алды. Ақбота маған Жомартымнан аумайтын Ибрагимді сыйлады", - деді әншінің енесі.

Айта кетейік, тойға өнер иелерінен Әбдіжаппар Әлқожа мен "Алатау серілері" тобы келген.

Еске сала кетейік, Дәурен Айдарқұлов пен Ақбота Сейтмағамбеттің тұңғышы 2017 жылы өмірге келді. Жұлдызды жұп 2020 жылы ажырасты. Бұл актердің екінші некесі болатын. Айдарқұловтың бірінші отбасынан - үш, екінші некесінен - екі баласы бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2059141-dauren-aidarqulov-pen-aqbota-seitmagambet-ulynyn-sundet-toiyn-otkizdi-foto-video/

pixel