Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Құжатын ауыстырдық": Рүстем Жаныамановтың жұбайы астрологтың айтуымен ұлының есімін өзгерткенін айтты

Опубликовано:

Рүстем Жаныаманов пен жұбайы Жанаргүл
Рүстем Жаныаманов пен жұбайы Жанаргүл. Фото: instagram.com/zhanyamanov_rustem

Театр және кино актері Рүстем Жаныамановтың жұбайы осы уақытқа дейін еш жерде жарияламаған құпиясын айтты. Жанаргүл Жаныаманова "Қызықты weekend" бағдарламасында ұлының есімін астрологтың айтуымен өзгертіп, құжаттарын ауыстырғанын мәлім етті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Актердің мәліметінше, әйелі екеуі бүгінде үш ұл тәрбиелеп отыр. Өнер иесі үш баласына да өзі есім қойған.

"Кезінде балаларымның есімін өзім қоямын деп шешкенмін. Оған анам да, Жанар да қарсылық білдірген жоқ. Тұңғышымызға есім қоярда "Кім деп қоямыз" деп кәдімгідей мәслихат құрдық. Әйелім де, анам да, мен де өз нұсқамызды айттық", - дейді Рүстем Жаныаманов.

Сонымен қатар актердің жұбайы тұңғышына аяғы ауыр кезде аян берілгенін атап өтті.

"Бірінші ұлыма аяғым ауыр кезде менің атам түс көреді. "Нұрмұхамед" деген есім қойыңдар деген аян келген екен. Атам менің аяғым ауыр екенін білмейді, хабарласып "Ұл бала туылады, Нұрмұхамед деген есім қойыңдар" деді. Бірақ ұлым дүниеге келгенде Рүстемнің анасы Дінасыл деген есім қойды.

Кейін үш жасында біраз ауырды. Сол кезде бір астрологқа бардым. Ол кісі "Бұл баланың өз есімі емес" деді. Сол кезде мен бірнеше есім жібердім. Алайда ол кісі "Жоқ, жоқ" деді. Сосын атамның айтқаны есіме түсіп, "Нұрмұхамед" деп жібердім. Астролог "Иә, осы есім баланыкі" деді. Сөйтіп біз қайта азан шақырып, есім қойдық. Құжаттарының бәрін ауыстырдық", - деді Рүстем Жаныамановтың жұбайы.

Еске сала кетейік, осыған дейін Рүстем Жаныаманов пен жұбайы Жанаргүл тұңғыш ұлының дертімен 5-6 жыл күрескенін айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2059142-quzatyn-auystyrdyq-rustem-zanyamanovtyn-zubaiy-astrologtyn-aituymen-ulynyn-esimin-ozgertkenin-aitty/

pixel