Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Үш баламыз бар": Біржан Хасанғалиев алғаш рет отбасы жайлы айтты

Опубликовано:

Біржан Хасанғалиев
Біржан Хасанғалиев. Фото: youtube/@elimaikz

Әнші Біржан Хасанғалиев 33 жасында отау құрған. Өнер иесі "Менің өмірім" бағдарламасында алғаш рет жұбайы мен үш баласы жайлы сыр шертті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Жанұя жағынан өте бақытты адаммын деп есептеймін. "Есағаңның баласы қашан үйленеді?" деген әңгіме болды. Мен 33 жасымда отбасын құрдым. Жұбайым Ақмаржан - дәрігер. Мықты маман. Әзірше 3 баламыз бар. Алла тағы берсе, қуана қабылдаймыз.

Екеуі әзірге өнер жолында жүр. Кім болатынын болашақ көрсетер. Мамандық таңдау жағынан мен қысым көрсетпеймін. Өздері біледі. Үлкен қызым - 5-сыныпта, ортаншы ұлым 2-сыныпта оқиды", - деді Біржан Хасанғалиев.

Сонымен қатар өнер иесі жұбайымен қалай танысқанын айтып берді.

"Сезім бірден пайда болмады. Өйткені, ол "Қыз құпиясы" деген журналда тілші еді. Әрі оқуын жалғастырып жүрген. Редакцияның тапсырмасымен менен сұхбат алады. "Он минутым бар. СОл кезде сұрақтарыңызға жауап берейін" дедім. Ол келді. Көлікте отырмыз. Диктафон қосты. Сұхбат аяқталып, мен кеттім. Өз телефоным өзімде. Бір кезде таныс емес телефонның дауысы шығып жатыр. Тілші қыздың қалдырып кеткенін түсіндім. Тұтқаны алсам, ол қыздың анасы екен. "Қызым телефонды қалдырып кетіпті" деді. Сосын кездесіп, телефонды бердім. Нөмір алмастық. Танысқаннан кейін екі жылдан кейін үйлендік.

Мінезі ашық. Қызылорданың қызы. Бір жағынан медицина саласында оқып жатты. Өйткені, менің анам да елу жылдан астам медицина саласында қызмет етті. Сондықтан мен де ойланып қалдым. Аллаға шүкір, отау құрғанымызға 12-13 жыл болып қалды", - деді Біржан Хасанғалиев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2059150-us-balamyz-bar-birzan-xasangaliev-algas-ret-otbasy-zaily-aitty/

pixel