Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Малайзияға көшіп бара жатқан отандық блогерлер "Жол аяқ" тойын өткізді (фото, видео)

Опубликовано:

Мағжан Аймаханов пен Камила Әділхан
Мағжан Аймаханов пен Камила Әділхан. Фото: Instagram/e.kamik

Отандық танымал блогерлер Мағжан Аймаханов пен Камила Әділхан шетелге коныс аударуына орай барша жақындарына "Жол аяқ" тойын өткізді. Желі жұлдыздары жұмыс бабымен Малайзия еліне ұзақ уақытта көшіп бара жатыр, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мағжан мен Камила бұрынғы дәстүрді жаңғыртып "Жол аяқ" тойды ерекше атап өтті. Ерлі-зайыптының қуанышына ортақтасып барша ағайын-туысы, достары мен жақындары келді. Олардың қатарында танымал тұлғалар да бар. Өзге елге көшіп бара жатқан желі жұлдыздарын құттықтап келгендердің арасында Аша Матай, Арман Қоңыр, Ғаділбек Жаңай, Кенжебек Жанәбілов, Аида Кауменова, Анна Данченко сынды жұлдызды қонақтар болды.

Тойға жиналған қауым қуаныш иелерінің өтініші бойынша қазақи нақышта киініп келген.

Қызығы, Мағжан мен Камила қай елге қоныс аударатынын соңына дейін құпия ұстап келген. Олар бұл жаңалықты тойда көпшілік алдында жария етті. Блогерлер енді Малайзия елінде тұратын болады.

Олар бұл мемлекетке не себепті көшіп бара жатқанын да түсіндіріп өтті.

"Неге көшіп жатырсыңдар?" деген сұраққа да жауап беріп кетейін. Ауылдан шықпағанның ақылы, ауласынан аспайды деп қазақ атам айтпақшы. Жас болған соң ел аралап, білім алып, дамып, тәжірибе алып, мемлекеттен бөлек халықаралық кәсіптерді, үлкен мүмкіндіктерді зерттеп, қолданып келу мақсатымыз Алла қаласа.

Толық тәуекелмен көшіп бара жатырмыз. Себебі біз Малайзияға барып та көрмедік. Алла нәсіп етіп тұрса, неге бармасқа деп нар тәуекелмен көшіп барамыз! 3 күннен кейін ұшағымыз, ИншАлла алдымызда үй алу, көшуге дайындық, қоныстану көптеген әрекеттер күтіп тұр ! Сәттілік бізге. Сіздерге рахмет", - деп жазды Камила Әділхан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2059157-malaiziyaga-kosip-bara-zatqan-otandyq-blogerler-zol-ayaq-toiyn-otkizdi-foto-video/

pixel