Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Шашымызды алды": Актер Әшім Ахметов "Көшпенділер" фильмі кезіндегі қызықтарды айтты

Опубликовано:

Әшім Ахметов
Әшім Ахметов. Фото: Instagram/ashim_akhmetov

Отандық танымал актер Әшім Ахметов "Көшпенділер" фильмін еске алып, түсірілім кезінде болған қызықтарды айтты. Өнер иесі аталмыш киноға түскенде небәрі 6 сыныпта оқыған екен, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әшім Ахметовтың өмірінде "Көшпенділер" фильмі ерекше орын алды. Өнер иесі дәл осы киноның түсірілімінен кейін өзін осы салада көретінін түсінген. Актер мектепті тәмамдаған соң еш ойланбастан өнер академиясына оқығу түскен.

Сонымен қатар кино жұлдызы аталмыш фильмнің түсірілімі кезінде болған қызықтарды да айтып берді.

"Көшпенділер" фильмі 2003-2004 жылдары түсірілді ғой. Ол кезде мектепте оқимын, 6-сынып оқушысымын. Кастинг­тен өткеннен кейін түсірілім алаңына шақырды. Түр-тұр­пат, фактурамызға қарай рөлге бекітті. Киім кигізді, шашымызды алғызды. Сөйтіп, моңғолдың баласын ойнайтын болып бекітілдім. 6-сынып оқушысымын. Әлі бала емеспіз бе, шалалығымыз да көп болды. Түрлі қызықты бастан кештік. Мәселен, грим үшін жабыстырып қойған шашымызды күн ыстықта өзенге шомыламыз деп суға ағызып жіберген, түсірілімге деген картопты пісіріп жеп қойған кезіміз де болды

. Сонымен қатар "Көшпенділердің" тәжірибе, кәсіби өнер тұрғысындағы көзқарасымыздың қалыптасуына да ықпалы зор болды. Елімізге танымал Досхан Жолжақсынов ағаларымыз­дың қасында жүріп, шетелдік әйгілі актер Марк Дакаскоспен бірге фильмге түсудің өзі мен үшін ертегілер еліндегі ғажайыптай сезілді. Марк Дакаскос сол кезде бізге Жан-Клод Ван Дамм, Джеки Чандармен бірдей тұратын, солардың деңгейіндегі актер еді ғой. Соның барлығы, әлбетте, қиялымды ұштағаны, арманымды мақсатқа айналдырғаны сөзсіз. Мектеп бітірген соң басқа жаққа қарайламадым, бірден өнер академиясына келдім", - деді актер "Егемен Қазақстан" басылымына берген сұхбатында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2059168-sasymyzdy-aldy-akter-asim-axmetov-kospendiler-filmi-kezindegi-qyzyqtardy-aitty/

pixel