Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әншілігі дұрыс еді": өнерден алыстап кеткен Кәмшат Жолдыбаева енді немен айналысып жүр

Опубликовано:

Кәмшат Жолдыбаева актриса
Кәмшат Жолдыбаева. Фото: instagram.com/kamshat__zholdybayeva

Соңғы уақытта ел алдына шықпай, өнерден алыстап кеткен Кәмшат Жолдыбаева өзін басқа қырынан танытуда. Кезінде сахнаны жандыратын әнші қазір басқа мамандықты меңгерген. Ол қыз-келіншектерге дәріс оқып, келелі кеңесін беріп жүр, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Шығармашылықтан үзіліс алған Кәмшат Жолдыбаева бүгінде немен айналысып жүргенін Instagram парақшасында айтты. Өнер иесі қыз-келіншектерге семинар өткізіп, осы уақытқа дейін алған білімін өзге әйелдерге беруге тырысуда.

"Аллаһтың қалауымен , Астанада ең алғашқы семинар, рухани кездесуім өтті. Осы күнге дейінгі керемет ұстаздарымнан алған біліммен бөлісу , сұрақтарға жауап беру, өзекті мәселелерді талқылау сияқты еркін атмосферада өткен әдемі кездесу болды. Астана аруларының ықыласы ауа райының суықтығын білдірмеуде. Бұл қадам қызметімді одан әрі жалғастыруыма ниеттендірді", - деп жазды әнші.

Желі қолданушылары шоу-бизнес жұлдызының жаңа бастамасын қызу талқылады. Қалың көпшілік Кәмшаттың сахнаға оралуын сұрап, оның киноларын асыға күтіп жүргенін жазды.

"Әншілігі дұрыс еді. Сахнаны өртейтін едіңіз. Біз сағынып қалдық", "Сахнаға болмаса да, кино әлеміне оралсаңызшы", "Сіз түсетін туындыларды асыға күтеміз", "Әнші Кәмшат көбірек ұнайды", - деп жазуда оқырмандар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2059298-ansiligi-durys-edi-onerden-alystap-ketken-kamsat-zoldybaeva-endi-nemen-ainalysyp-zur/

pixel