Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сыйдырмай, қуып жіберді": әнші Мөлдір Әуелбекова жаңа үйіне көшті (видео)

Опубликовано:

Мөлдір Әуелбекова
Мөлдір Әуелбекова. Фото: Instagram/moldir.auyelbekova

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Мөлдір Әуелбекова жаңа үйіне көшті. Өнер иесі енді 60 млн теңгеге сатып алған пәтерінде тұрады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мөлдір Әуелбекова өміріндегі болып жатқан қуанышты жаңалықты Instagram парақшасында жариялады. Ата-анасынан бөлек шыққан әнші енді екі баласы және көмекшісімен бірге тұрады.

Өнер иесі үй шаруасымен мүлдем айналыспайтын болған соң, қасына көмекші алғанын айтты.

"Құттықтаңыздар, 5 айдан соң ақыры үйдегілер шыдатпай, көшірді. Сыйдырмай, қуып жіберді, шынымды айтсам. Мен негізі үйде ештеңе істемеймін. Гүлназ деген көмекшім бар. Ол қазір жаттығуға кетті де, балаларға ас әзірлеп жатырмын. Шынымды айтайын, үй шаруасына "нөлмін". Десе де Алла маған сол олқылықтың орнын толтыратын көмекші алуға мүмкіндік беріп қойды", – деп жазды әнші. 

Сонымен қатар Әуелбекова келінмен бір шаңырақ астында тұру қиын екенін әзілмен жеткізді.

"Жаңағы "үйдегілер сыйдырмады, көшіріп жіберді" дегенім рас негізі. Бірақ үйдегілер болғанда, мамам мен папам емес. Үйде келін деген біреу бар, сол келінім ғой қуып шыққан. Өзі міне, қасымда отыр, жасаған тірлігіне ұялып, сіздерге қарамай отыр", – деп күлді Мөлдір. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2059351-syidyrmai-quyp-ziberdi-ansi-moldir-auelbekova-zana-uiine-kosti/

pixel