Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бармағын тістеп қалды": әнші Назима бұрынғы сүйіктісін сөз етті

Опубликовано:

Назима
Назима. Фото: Instagram/13nazima

Қазақстандық танымал әнші Назима Жәнібекова желіде бұрынғы сүйіктісі жайлы сөз қозғап, жаңа жазба жариялады. Өнер иесі отбасылы болған кездегі және ажырасып кеткеннен кейінгі суреттерін жариялап, көпшілікке қалай өзгеріп кеткенін көрсетті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Назима Жәнібекова елдің қызу талқысына түскен жазбасын Instagram парақшасында жариялады.

"Бұрынғы ғашығыңызға тек қана сәттілік тілеу керек. Себебі ол өз бақытын жіберіп алды", - деп жазды әнші.

Өнер иесі ажырасып кеткен соң, қалай өзгеріп кеткенін суреттері арқылы көрсеткісі келген.

Желі қолданушылары әнші аруға қолдау көрсетіп, жылы лебізін білдірді.

"Жарайсыз, Назима. Сен өте ақылды әрі мықты қызсың", "Сен әрқашан әдемі болғансың", "Тек қана алға, Назима", "Бұрынғы күйеуі бармағын тістеп қалды деген осы", "Бұрынғы сүйіктіңіз бақытын жіберіп алғаны рас. Қазір енді өкініп жүрген шығар", "Ащы шындық деп осыны айт. Назима сізді мақтан тұтамын", - деп жазуда оқырмандар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2059366-barmagyn-tistep-qaldy-ansi-nazima-buryngy-suiiktisin-soz-etti/

pixel