Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Алқа мен бренд сағат": Айдарбекова немерелері тарту еткен қымбат сыйлықтарын көрсетті (видео)

Опубликовано:

Гүлзира Айдарбекова
Гүлзира Айдарбекова. Фото: Instagram/gulziraaidarbekova

Қазақстандық танымал продюсер Гүлзира Айдарбековаға келіні мен немерелері қымбат сыйлық тарту етті. Олар жұлдызды апасына қымбат алға мен бренд сағат сыйлаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Гүлзира Айдарбекова немерелері берген сыйлықтарын Instagram желісінде көрсетті. Ол парақшасына қымбат сыйды табыстап жатқан сәтінен видео жариялаған.

Бейнежазбадан бүлдіршіндердің апасына алқа мен бренд сағат тарту еткенін көруге болады.

"Мамаларының жанын қоймай, екі немерем маған сыйлық алыпты. Апасы тек сыйлық алып келіп үйренген. Бірақ осылардың апасына осындай сыйлықтарды анасын мәжбүрлеп дайындатқаны, апасын таңғалдырды", - деп жазды продюсер.

Қайрат Нұртастың анасы бағалы сыйлықтарға таңғалып, немерелері мен олардың қалауын орындаған келініне алғысын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2059375-alqa-men-brend-sagat-aidarbekova-nemereleri-tartu-etken-qymbat-syilyqtaryn-korsetti-video/

pixel