Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әнші Маржан Арапбаева Таиландтағы демалысы қалай өтіп жатқанын көрсетті (фото, видео)

Опубликовано:

Маржан Арапбаева
Маржан Арапбаева. Фото: instagram.com/arapbayevamarzhan

Қазақстандыө танымал әнші Маржан Арапбаева өнердегі әріптестерінен қалыспай, шетелге демалуға ұшып кетті. Өнер иесінің таңдауы Таиландқа түскен, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Маржан Арапбаеваның шетелде саяхаттап жүргені жайлы Instagram желісінен белгілі болды. Шоу-бизнес жұлдызы Таиландтан фото мен видео жариялап, оқырмандарына ыстық мекендегі демалысы қалай өтіп жүргенін көрсетті.

Өнер иесі Таиландтың әсем жерлерін аралап, парақшасында саяхатынан алған әсерін айтты. Ол бұл сапарына отбасымен бірге аттанған.

Оған қоса әнші туған күнін Таиландта қарсы алып, жақындарымен тойлаған.

"Құттықтауларыңызға рақмет! Қош келдің жаңа жасым", - деп жазды Арапбаева.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2059540-ansi-marzan-arapbaeva-tailandtagy-demalysy-qalai-otip-zatqanyn-korsetti-foto-video/