Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жыртқыштармен ойнап, сальто жасады: Айқын Таиландтағы отбасылық демалысын көрсетті (видео)

Опубликовано:

Айқын Төлепберген отбасымен
Айқын Төлепберген отбасымен. Фото: Instagram/zhuldyzomirgali_official

Айқын Төлепберген жақында әйелі мен балаларын алып, Таиландта демалып қайтты. Әнші демалысының ең жарқын сәттерін Instagram желісіндегі парақшасында жариялады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Саяхат уақытында әнші қонақ үй және таңғы аспен шектеліп қалмаған. Ол балаларына қызықты демалыс ұйымдастыруға тырысқан.

"Сіздерге де осындай демалыс бұйырсын. Таиландтың әдемі сәттерін желіге салып қояйын. Екі жеті 2 күндей зулап өте шықты. Қошақандарымыз бақытты болса, бізге керегі сол ғана. Үлкендері де барады, бұйырса. Әзірге сабақта. Жанұяларымыз аман болсын.

Айтпақшы, үшінші видеода қолтырауын тірі", - деп жазды Айқын.

Видеодан Айқын ұлымен гидроцикл айдағанын, бассейнге секіру кезінде сальто жасағанын байқауға болады.

Сонымен қатар жұлдызды жұп балаларымен бірге қолтырауын және жолбарыстың жанына жақындап, ұстап көрген.

Ал желі қолданушылары жұлдызды жұптың демалысына қызығып, жарыса пікір жазды.

"Бізге де осындай демалыс бұйырсын", "Осылар-ақ қыдырады да жүреді", "Бақытты болыңыздар", - деді желідегілер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2059546-zyrtqystarmen-oinap-eskek-esti-aiqyn-tailandtagy-otbasylyq-demalysyn-korsetti-video/