Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Екі рет бас тарттым": Ерболат Беделхан Назарбаев әулетімен байланысы жайлы бар шындықты айтты

Опубликовано:

Ерболат Беделхан
Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Отандық танымал продюсер Ерболат Беделхан Назарбаев әулетімен байланысы жайлы бар шындықты айтты. Өнер иесі олармен шығармашылық серіктес болғанын растады. Ол Гүлмира Сатыбалдының қызына продюсерлік еткенін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ерболат Беделхан елімізге танымал әулетпен шығармашылық байланыс орнатқанын жасырмады. Сөзінше, Гүлмира Сатыбалды оған хабарласып, қызына продюсер болуын сұраған.

Өнер иесі бастапқыда бұл ұсыныстан бас тартып, кейін шәкіртінің талпынысын көрген соң оған бір жыл көлемінде продюсерлік етуге келіскен.

"Ол кісі маған хабарласып, 15 жасар қызына продюсер болғанымды қалады. Бірнеше мәрте ұсыныс білдірді. Негізі мен екі рет бас тарттым. Себебі менің мүлдем уақытым болмады. Альбина маған келгенде әлі кішкентай бала болды. Бірақ ол 4 айдан кейін қатты өзгеріп кетті. Аз уақыт ішінде осындай трансформация болады деп ойламадым. Мен баламен жұмыс істегенде оның ішкі күйіне, нәтижесіне қатты қараймын. Ол қыз үш-төрт ай ішінде басқа адам болып шыға келді. Оны менің жүйем тәрбиеледі.

Мен оны алғашында тек жүйеме қабылдадым. "Ары қарай атылып шықса, мүмкіндік беремін" дедім. Сосын ол 3-4 ай ішінде жақсы жетістікке жетті. Өлең жазу, би билеу, 25 келіге арықтады. Тіпті анасы таңғалды. Қазақша сөйлей бастады. Сол кезде продюсер бол деді. Мен тек бір жылға келістім. Өйткені менің шаруаларым бастан асатын. Солай мен бір жыл оған ұстаз болдым. Баласының нәтижесін көріп, рақметін айтты", - деді Ерболат Беделхан "Адал адам" подкастында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2059558-eki-ret-bas-tarttym-erbolat-bedelxan-nazarbaev-auletimen-bailanysy-zaily-bar-syndyqty-aitty/