Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бақытыма асығыс-үсігіс жетпедім": Тоқтар Серіков отау құрғанына 17 жыл толған әйелін қалай таңдағанын айтты

Опубликовано:

Тоқтар Серіков пен Бейбіт Сейдуәлиева
Тоқтар Серіков пен Бейбіт Сейдуәлиева. Фото: instagram.com/toktar.serikov

Шоу-бизнестің жұлдызды жұбы Тоқтар Серіков пен Бейбіт Сейдуалиеваның шаңырақ көтергеніне биыл 17 жыл толған. Әнші "ХабарLike" бағдарламасында әйелін қалай таңдап алғанын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Қазақта "Үйлену - оңай, үй болу - қиын" деген әдемі сөз бар. Осы сөздің астарында атан түйе көтере алмайтын ауыр жүк жатыр. Мен өз бақытыма асығыс-үсігіс жетпедім. Өз бақытымды жеті рет өлшеп, бір рет кескен жанмын. Бұл кісіні болашақта бала-шағамның аяулы анасы болатынын, ақ сүтін адал емізетініне, мен жоқта жоқтатпайтынына, әулетімді ұрпағыммен бақытты қылатынына сенімді болып алдым. Жұбайыңды қалай таңдадың десе, мен тек осылай айта аламын.

Үйлену тойының күнін сәуір айының 20-ы күні таңдадым. Жарыма жыл сайын сол күні ұмытпай, тәтті торт пен гүл сыйлаймын. Себебі, сол күні өз еркімен тұрмысқа шықты. Өз әулетін бір сәтке ұмытып, біздің әулетке енген күні ғой деп гүл сыйлаймын. Біздің отау құрғанымызға тура 8 жыл болғанда, яғни, 20 сәуір күні егіздеріміз өмірге келді ", - деді Тоқтар Серіков.

Еске сала кетейік, жұлдызды жұп бүгінде төрт бала тәрбиелеп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2059578-baqytyma-asygys-usigis-zetpedim-toqtar-serikov-otau-qurganyna-17-zyl-tolgan-aielin-qalai-tandaganyn-aitty/

pixel