Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өзімді киножұлдыз сезіндім": Дина Төлепберген "Астарлы ақиқаттан" кейін басқа салаға бет бұрды

Опубликовано:

Дина Төлепберген
Фото: Instagram/dina_tolepbergen

Жақында "Астарлы ақиқат" бағдарламасын жүргізбейтінін хабарлаған Дина Төлепберген енді мүлдем басқа салаға бет бұрды. Тележүргізуші бұдан былай бар көңілін киноиндустрия саласына бөлуді жөн көрген, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Дина Төлепберген өмірінде болып жатқан жаңалықтарды Instagram парақшасында жария етті. Ол тележүргізушілікті қойып, кино саласына қарай бет бұрған.

Ақпарат өкілі бүгінде киноның отаны саналып кеткен Үндістанда саяхаттап жүр.

"Астарлы ақиқаттан кеткенімді көбісі түсінбей, түрлі ойға балап жатыр. Шынында да, ендігі көңілімді киноиндустрияға бөлгенімді жөн көрдім. Оның Отаны-Болливуд ! Қалың орман, әсем табиғат! Нағыз кино өмірдің көрінісін көресіз. Үңіліп қарайтын үнді сериалының тұсауы 130жыл бұрын осы бір Болливудтың төрінде кесілген. Өзімді құдды бір киножұлдыз сезініп, өзінше эйфорияға, эмоцияға бөленіп қайттым", - деп жазды тележүргізуші.

Айта кетейік, бұған дейін Дина Төлепберген өзі 13 жыл тізгінін ұстаған "Астарлы ақиқат" бағдарламасын" енді жүргізбейтінін хабарлаған еді. Оның орнына жаңа жүргізуші болып заңгер Бердімұрат Хасенұлы бекітілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2059582-ozimdi-kinozuldyz-sezindim-dina-tolepbergen-astarly-aqtqattan-keiin-basqa-salaga-bet-burdy/