Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"600-ден аса адам келді": Тоқтар мен Бейбіт үйлену тойының қызықты оқиғасын айтты

Опубликовано:

Тоқтар мен Бейбіт
Тоқтар мен Бейбіт. Фото: instagram.com/toktar_beibit

Әнші Тоқтар Серіков пен Бейбіт Сейдуалиеваның үйлену тойына 600-ден аса адам келген. Жұлдызды жұп "ХабарLike" бағдарламасында тойына танымайтын адамдардың да кіріп кеткенін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Бейбіттің бетін Қазақстанның атақты дәстүрлі әншісі Сержан Мұсайынов ашты. Бала кезде "Кім бірінші үйленсе, соның беташарын біз жасаймыз" деген уәдеміз бар еді.

550 адамға дастарқан жайғанбыз. Бірақ қонақтар сыймай қалды. 600-ден аса адам келді. Тойдың естеліктерін қарасақ, әлі күнге танымайтын адамдарды көрдік. Мен Бейбіттің туыстары шығар дегенмін. Бейбіт "Тоқтардың туыстары" деп ойлаған. Екеуіміз бір-бірімізден сұраймыз, танымаймыз. Үлкен апалар, орамал таққан тәтелер жүр. Кім екенін білмейміз", - деді Тоқтар Серіков пен Бейбіт Сейдуәлиева.

Айта кетейік, жұлдызды жұптың шаңырақ көтергеніне биыл 17 жыл болған. Тоқтар мен Бейбіт бүгінгі таңда 4 бала тәрбиелеп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2059584-600-den-asa-adam-keldi-toqtar-men-beibit-uilenu-toiynyn-qyzyqty-oqigasyn-aitty/