Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Jah Khalib: Әйеліммен ұрысып қалғанда жаңа ән жазып шығардым

Опубликовано:

Jah Khalib
Певец Jah Khalib: Instagram.com/jahkhalib/

Қазақстандық танымал рэп орындаушы Jah Khalib ақпан айында жаңа әнін жарыққа шығармақ. Өнер иесінің сөзінше, бұл туындының шығу тарихы ерекше. Ол әйелімен ұрысып қалған сәтте шабыттанып өлең жазып шығарған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бахтияр Мамедов жаңа ән жазуына өмірінде болған жайттар ерекше әсер ететінін айтты. Рэп орындаушы жақында тыңдармандарын тағы да махаббат жайлы туындымен қуатпақ.

Бұл өлеңнің жарық көруіне әйелімен ұрысып қалуы себеп болған. Ол аталмыш әнді отбасындағы келіспеушілік кезінде жазып шығарған екен.

"Сол күні үйде қонақ күттік. Мен меймандарды қарсы алып жатырмын. Ал келіншегім екеуіміз ұрысып қалғанбыз. Қонақтар кете салысымен, мен Вадикке барып, "ішімдегіні сыртқа шығаруым керек" дедім. Солай осы ән жарыққа шықты", - деді Jah Khalib Instagram парақшасында.

Рэп орындаушы аталмыш туындысы осы ақпан айында тыңдармандарға жол тартатынын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2059639-jah-khalib-aielimmen-urysyp-qalganda-zana-an-zazyp-sygardym/