Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өзіме өзімді дәлелдедім": Бағлан Әбдірайымов марқұм әкесіне жантебірентерлік жазба арнады

Опубликовано:

Бағлан Әбдірайымов
Бағлан Әбдірайымов. Скриншот: Таир Нұғман бағдарламасы

"Жігіттер" квартетінің мүшесі Бағлан Әбдірайымов желіде марқұм әкесіне әсерлі жазба арнап, ішін өртеп бара жатқан өкінішін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазады.

Бағлан Әбдірайымов жақында жаңа киносын жарыққа шығармақ. Өнер иесі бұл атаулы күн алдында көңілі жабырқаулы екенін жасырмады. Ол аталмыш фильмін әкесі көріп үлгермегеніне өкінішін білдірді.

"Былтыр 25 қаңтар күні Алматы қаласында "Zero" фильміміздің тұсаукесерін жасадық. Байқасаңыз әкем марқұм қасқайып тұр ғой. Бұл менің ата-анама, достарыма, оқырманым мен тыңдарманыма "казинодан киноға өтуге болады, адам өзгере алады" деп өзімді дәлелдеген кезім еді. Жоқ, өзіме өзімді дәлелдеген сәт деген дұрыс шығар, иә?! Ағымнан жарылып, қатемді мойындап, талай сұхбат бердім. Іштегі қоқысты сыртқа шығару арқылы ішкі әлемімді тазалап алдым. Сол тазалықпен кітап жазылды. Артынан кино түсірілді.

Бұл – мен үшін ұмытылмас сәт. Содан бері кино әлемінде әзірге жүрмін. Ізін суытпай "Басқа вариант жоқ" киносы шықты. Өкінішке қарай, сәтсіз жоба болды. Дереу ес жиып, қатемді ескеріп, қоғамға тағы айтары бар "Zero 2" киносын түсірдік. Құдай қаласа, сәуір айында көрерменге жол тартады. Бұл туындының тұсаукесеріне әкем ғана келмейді. Арқамнан қағып, "Жарайсың, Баха!" демейді. Елге пайдалы, көңілге қонымды, ықыласқа бөленсе, әкемнің атына кір келмесе, бұл да бір салихалы ұрпақтың әрекеті деп білемін", - деп жазды әнші Instagram парақшасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2059735-ozime-ozimdi-dalelededim-baglan-abdiraiymov-marqum-akesine-zantebirenterlik-zazba-arnady/