Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сөзім жоқ": актриса Аружан Жазылбекова өзінің өлімі жайлы жалған ақпаратқа пікір білдірді

Опубликовано:

Аружан Жазылбекова
Аружан Жазылбекова. Фото: Instagram/arujazz

Қазақстандық танымал актриса Аружан Жазылбекова желіде өзінің өлімі жайлы тарап кеткен ақпаратқа қатысты пікір білдірді. Өнер иесі туған күні қарсаңында осындай жайттардың орын алып жатқанына күйінді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әлдекімдер Instagram желісінде Аружан Жазылбекова өмірден өтті деген жалған ақпарат таратқан.

"40 жастағы актриса аяқ асты өмірден өтті" , - делінген жаңалықта.

Актриса өзі үшін алаңдаған жанкүйерлерімен бірден байланысқа шығып, ақпараттың шындыққа жанаспайтынын жеткізді.

"Жарнама мен ұтыс тігу еді. Енді өлімім жайлы жазып бастапты. Сөзім жоқ. Мұндай жағдай өмірімде алғаш рет болып тұр. 38 жасымның алдында бұл тіптен керемет жаңалық болып тұр ғой", - деп әзілмен жауап берді ол.

Аружан Жазылбекованың Stories-i
Аружан Жазылбекованың Stories-i. Скриншот: Instagram/arujazz

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2059788-sozim-zoq-aktrisa-aruzan-zazylbekova-ozinin-olimi-zaily-zalgan-aqparatqa-pikir-bildirdi/

pixel