Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қуыршақтай": ұлттық образдағы Мадина Сәдуақасова елді өзіне қаратты (фото)

Опубликовано:

Мадина Сәдуақасова
Мадина Сәдуақасова. Фото: Instagram/sadvakasovamadina

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мадина Сәдуақасова желіде қазақи образын паш етіп, елдің ыстық ықыласына бөленді. Оқырмандар әншінің ұлттық нақышта киініп алғанына тәнті болған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мадина Сәдуақасова ұлттық образдағы видеосын Instagram парақшасында жариялады. Бейнежазбадан әртістің шашын екіге өріп, қазақи көйлек киіп алғанын көруге болады.

Желі қолданушылары өнер иесіне тамсанып, оған жылы лебізін білдірген. Қалың көпшілік Сәдуақасованы қазақи қуыршаққа теңеп жатыр.

"Қазақша киім ерекше жарасып тұр", "Нағыз қазақи сұлулықтың символы", "Қазақи қуыршақ секілді", "Сізге "Қыз-Жібек фильміне түсу керек", "Мадина сондай көріктісіз, қылықтысыз", "Мадина ұлттық киім сізге күшті жарасып тұр", "Дисней қуыршақтары қасыңызда ойнамай қалады", - деп жазуда оқырмандар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2059869-quyrsaqtai-ulttyq-obrazdagy-madina-saduaqasova-eldi-ozine-qaratty-foto/

pixel